Сәрсенбі, 29 Мамыр 2019 15:45

Депутаттық сауал

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министріне

А. Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдар алып отыр. Алайда бұл мақсатқа жаңа нысандардың санын арттыру арқылы емес, жоғары сапалы өнім шығару және жаңа технологиялық шешімдерді түрлендіру арқылы жетуге болады. Бұған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа (әрі қарай - ҒЗТКЖ) қажетті қаражат салу арқылы қол жеткізуге болады. Сарапшылардың соңғы зерттеулері бойынша, барлық әлемде кәсіпорындар ҒЗТКЖ шығынын арттырып жатыр. 70-жылдары оның шығыны жарнама шығынымен бірдей болса, қазіргі таңда одан 7 есе артып отыр.

"Халық коммунистері" фракциясы қазақстандық экономикада кері тенденцияның байқалып отырғанын атап өтеді. Компаниялар, соның ішінде мемлекеттік компаниялар қаражаттың басым бөлігін үкіметтік мақсаттар мен шетелдік іс-шараларға жұмсайды, сөйтіп өндірістік инновацияларға салынатын қаражат қысқарады.

2018 жылы ҒЗТКЖ-ның ішкі шығыны 72,2 миллиард теңгені құраған. ал ҒЗТКЖ-ның ішкі шығыны ЖІӨ-дан 0,12%-ға түскен. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш үздіксіз төмендеп отырған.

Бұл бағытқа жұмсалатын қазіргі шығын деңгейі көптеген дамыған және дамушы елдерден артта қалып отыр.

2018 жылы республикада ҒЗТКЖ-ды іске асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар саны 384-ке дейін азайған, ал 10 жыл бұрын олардың саны 438 болған. Соңғы 5 жылда ҒЗТКЖ-ны орындайтын жұмысшылар саны 3 мың адамға, яғни 14% төмендеген.

Ғылыми зерттеумен айналысатын мамандардың орташа жалақысы 600 долларды құрайды.

ҒЗТКЖ мен мамандар тиісті дәрежеде қаржыландырылмаса, технопарктер, инкубатор мен басқа да қымбат инфрақұрылым жағдайында бұл салада инновациялық экономика құру мүмкін емес. Мұндай жағдайда қысқартуды айтпағанда, технологиялық алшақтықты қалыпта ұстау мүмкін болмайды.

2012 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға жыл сайын табыстың 1%-н ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға бөлу заң жүзінде міндеттелді.

Бұл ереже технологиялық зерттеулерге ешқандай ынталандыру әрекетін бермеді. Жер қойнауын пайдаланушылар ҒЗТКЖ-ға бөлінген мақсатты өздерінің қалауы, соның ішінде экология, еңбекті қорғау салалары бойынша пайдалана алды.

Бір жыл бұрын көмірсутек пен уран өндіру барысында жер қойнауын пайдаланушылар ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа ережесін бекітті. Алайда ешқандай өзгеріс байқалмады.

"Халық коммунистері" фракциясы технологиялық артта қалу экономикалық дамудың негізгі мәселесі деп санайды.

Мынадай сұрақтар бойынша мәлімет беруіңізді сұраймыз:

  1. 2018 жылдың маусымынан осы күнге дейін ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру міндеттемесі аясында жер қонауын пайдаланушылар қанша қаражат бөлді?
  2. "Өнімділік-2020" бағдарламасы бойынша бюджеттен қанша қаражат бөлінді, мақсатты индикаторларға қол жеткізілді ме, бағдарлама экономика құрылымының жақсаруына септігін тигізді ме?
  3. Статистикалық есеп мақсатында кәсіпорындардың инновациялық өнімі мен инновациялық белсенділігі қандай критерийлер бойынша анықталады?
  4. ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруды арттыру бойынша қандай шара қолданылып жатыр және сол шығындардың тиімділігі?

ҒЗТКЖ саласы ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс ретінде тиісті мемлекеттік қолдаусыз қалмауы тиіс деп санаймыз.

Депутаттық сауалды қарастырып, қабылданған шешім туралы жауапты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммнистері»

фракциясының мүшелері:    

А. Қоңыров

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

29 мамыр 2019 жылы жарияланды

© 2017-2019 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.