Сейсенбі, 29 Қазан 2019 16:16

КОМСОМОЛҒА – 101 жыл

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылғы 29 қазанда Комсомолдың құрылғанына 101 жыл толды. Өткен ғасырда, 1918 жылы коммунистер революциялық жастарды қызыл ту астына жинады. Олар жастарды болашағы жарқын мемлекет құруға үндеді. Атап айтқанда, жалынды жастарды Отанды жаудан қорғауға, зауыттар мен қала салуға, астық өсіруге және тыңайған жерлерді игеріп, ғарыш кеңістігін бағындыруға шақырды.

Қазір уақыт өзгерген. Содан бері жүз жылдан аса уақыт өтті. Кеңес одағы жойылды. Ұзақ жылдар бойы коммунистік қозғалысқа нұқсан келтіруге қадам жасалса да, ТМД елдерінің Коммунистік партияларының қатары жас ұрпақпен үнемі толыға түсуде. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ. ҚКЖО – Қазақстанның Коммунистік жастар одағы осы сөзіміздің айқын айғағы.
Бүгінде республикамыздың көптеген қалаларында комсомол мүшелері салтанатты жиындар мен тарихи экскурсиялар өткізіп, Ұлы Октябрь социалистік революциясы және Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қояды. Қазақстандықтардың жаңа буыны ащы және қайғылы оқиғалар өтсе де, өз тарихынан бас тартқысы келмейді. Ақпараттық саясаттағы қазіргі жағдайға қарамастан, өткен күннің кейіпкерлеріне үнемі құрметпен қарауға тиіспіз.
Ал ертең... иә, ертең тағы да жаңа күн басталады. Бүгінгі комсомолдардың атқаратын жұмысы саналуан. Олар ерікті де болады, қоғамдық проблемаларды анықтау үшін мониторинг те жүргізеді. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмектеседі. Түрлі семинарлар ұйымдастырады. Олардың алдына қойылған міндет ауқымды емес шығар. Бірақ олар қашанда адалдығымен, тиянақтылығымен көзге түсулерін жалғастыра береді.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.