Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 15:13

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ.Н. Қасымовқа

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі

А.Мұхамедиұлына

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!

2018 жылдың 2 желтоқсанында Дублинде футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстанға келетін командалар арасында әлемдік футбол жұлдыздары болады. Мұның өзі еліміздің футбол жанкүйерлері арасында оң эмоция тудыртып отыр. Толық сеніммен «Астана-Арена» стадионындағы аншлагтар туралы  айтуға болады.

Бірақ біз кейбір жағдайларға назар аудартқымыз келіп отыр. Бұл - кіргізу турникеттеріндегі кептеліс. Матчқа балаларын ертіп, тіпті барлық отбасымен келетіндер аз емес. Жанкүйерлер арасында қыздар да бар. Балалар мен қыздар стадионға кіру үшін сол кептелістен өтеді. Әрі қарай металл іздегіштен өткенде оларды тексерушілер ғана емес, форма киген адамдар да тексереді. Мысалы, Берлинде бас стадионда бекініс пункті бар, полиция қызметкерлері сол жерде отырады. Жанкүйерлер арасында бұзақылық болған жағдайда ғана ол жерден шығады.

Енді стадиондағы жағдайға келетін болсақ. Жанкүйерлерге төменгі жақтағы және жоғарғы қабаттағы алғашқы қатарларға отыруға рұқсат жоқ.  Не үшін деген сұрақ туындайды. Барлық өркениетті елдерде стюардтар алаңның жиегі мен көрермендер отырғызылған орында, баспалдақ жақта орналасады, сондай-ақ стадионның алғашқы қатарындағы соңғы орындарда орналасады. Бізде стюардтар мен Ұлттық гвардия қызметкерлері төменгі қабаттағы қатарда және жоғарғы яруста орналасады.   Адамдар футбол көруге келеді, бірақ оның орнына бүкіл көріністі жауып тұратын формадағыларды көреді. Бұл жанкүйерлердің наразылығын тудыртады.

Бұған қоса жаттықтырушылар құрамы мен қосалқы ойыншылардың орындарынан кейін орналасқан секторды да атап өткен жөн. Бұл орындар жабық қалқамен жабдықталған.  Ал бұлардан кейін орналасқан қатардан ештеңе көрінбейді.

Мұның барлығын есептесек, шамамен 1000 орын пайдаға жарамсыз, яғни футбол жұлдыздары мен олардың ойынын тамашалауға келген біздің мыңдаған азаматтарымыз ойын көре алмайды. Себебі мұндай жағдайда жанкүйерлердің мүддесі ескерілмей отыр.

Осыған орай алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттеуді ұсынамыз. Бұл елдерде футбол ойындарының  күзет пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ыңғайлылық пен тамаша көріністі қамтамасыз етеді. 

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада бекітілген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.  

Құрметпен,

«Халық коммунистері» депутаттық фракциясының мүшелері:

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков                                                           

Г. Баймаханова

А. Қоңыров                                                                

В. Косарев

И. Смирнова                                                               

Т. Сыздықов

16.01.19 ж.жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.