Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 13:13

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Мемлекет басшысының халық тұтынатын отандық тауарлардың үлесін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері мен басқа да депутаттар бірнеше рет мақта мен жүннің және былғарының экспортына қатысты сауал жолдады.

Біз салалық министрліктің бағдарламасы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталмағанын білдік. 2019-2021 жылдарға арналған бюджетте бұл мақсатқа мардымсыз қаражат қарастырылған. Үкіметте отандық өндірісті ілгерілетуге құлық жоқ секілді, ал атқарушы органдар мәселеге тиісінше назар аудармай отыр.

Біз анықтағандай, 2018 жылы елімізде жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 1650 кәсіпорын тіркелген, оның 989-ы ғана нақты іспен айналысқан. Бұлардың 949-ы шағын, 28-і орта, 12-сі ірі кәсіпорын болған. Олардың өндіріс көлемі жылына 70-90 млн теңгені құраған. Бір кәсіпорын орта есеппен алғанда бір жылда 100 мың теңгенің өнімін өндірген.

2019 жылы қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа өндіріс орындарын ашуға 4,1 млрд теңге бөлінеді. 2020 жылы бұл сомма 3,6 млрд, 2021 жылы 3,3 млрд теңге қысқарады. Соңғы 5 жылда жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында 3 қызметкер жеңіл өнеркәсіпке қатысты ақпарат жинайды. Саланы дамытумен бұған дейін де, қазір де ешкім айналысып жатқан жоқ.

Бұл ретте баға бағамына назар аудару қажет. Қойдың бір келі жүні 150 теңге, макулатура 3 теңге тұрады. Мұндай бағаға дәл осы шикізатты ешкім жинағысы келмейді. Біз жүнді жағатын, жерге көметін немесе сарайларды жылыту үшін қолданатын деңгейге жеттік. Макулатура қоқысқа төгілетін, ал былғары шетел асатын болды. Атырау облысынан басқа аймақтардағы жүн өңдейтін кәсіпорындар шикізаттың 10-12%-ын ғана игеріп отыр. Бір кездері еліміздің мақтанышы болған Қаракүл қойының өсімі назардан тыс қалды. Негізі Қаракүл қойына инвестиция құю керек.

Түбіт пен жүнге, қауырсын мен мамыққа сұраныс жоқ. Жеңіл өнеркәсіпке атүсті қарау дұрыс емес. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысын қолдай отыра, біз, халық тұтынатын тауар өндіретін фабрикалар мен цехтардың жұмысын қалпына келтіруді талап етеміз.

Біз кезінде атағы дүркіреп, жүздеген тауар түрін шығарған Алматы мен Шымкентегі мақта-қағаз, Өскемендегі жібек, Қостанайдағы мәуіті-шұға комбинаттарын, Жамбыл аяқ киім фабрикасын және басқа да кәсіпорындарды жекешелендіру қажет деп санаймыз. Кезінде жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарын сатып алып, тіршілігін тұраталып тастаған, сатып жіберген немесе құрылыс материалы ретінде пайдаланған   компаниялар мен фирмалар бар. Қазір үйден тауар өндіруді жолға қою, оларға мата жеткізу және ысырап болып жатқан шикізатты қолдану маңызды.

Жеке кәсіпкерлер қанша тырысса да, оларға комбинат, фабрика, сервис орталығы сияқты базалық кәсіпорын қажет. Мұндай кәсіпорындар тұрғындарды жұмыспен және халық тұтынатын тауармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Алдағы бір жарым екі жылда аудан орталықтары мен қалаларда үйде қызмет көрсететін өндірістік артель, фабрика ашу мүмкіндігі бар деп ойлаймыз. Оларға жүн, мақта, қауырсын, мамық, былғары өңдеу міндетін жүктеуге болады.

Тәжірибе үшін алысқа барудың қажеті жоқ, бір кездері Көкшетауда, үйде орналасқан фабрика 1300 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды. Осы жерде тігілген астарсыз былғары қолғапты ССР-дің барлық мұнайшылары мен балықшылары киді.

Атыраулық «Каспий Лана Атырау» фабрикасы 4 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Фабрика 350 тонна қой, 100 тонна түйе жүнін өңдеп, итальяндық технологиямен жоғары сапалы өнім өндіреді.

Жеңіл өнеркәсіптің қарыштап дамуы ел азаматтарының әл-ауқатының артуына, табысының ұлғаюына серпін береді. Бастысы біз отандық шикізат  базасын қалыптастырып, халықтың сұранысын қанағаттандырамыз және халық тұтынатын тауардың импортқа тәуелділігінен құтыламыз.

Қабылданған шаралар туралы заңда көрсетілген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Депутаттар:

В. Косарев         

Ж. Ахметбеков

С. Ахметов

Г. Баймаханова

К. Жақыпов

Ж. Дуйсебаев

А. Ералиев

К. Ержан

Б. Ертаев

Б. Ізмұхамбетов

В. Қайназаров

Ф. Каратаев

Е. Козлов

А. Қоңыров

М. Магеррамов

Ж. Омарбекова

В. Олейник

И. Смирнова

А. Суслов

Т. Сыздықов

13.03.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.