Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 17:44

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Үкімет 2018-2022 жылдарға белгіленген ұлттық экпорттық стратегияны қайта қарастыру туралы жариялады. Түзету енгізу қажеттілігі «әлемдік нарықтағы қазіргі жағдаймен» түсіндіріледі. Алайда бұл жағдай өткен жылдан бері өзгерген жоқ.

Коммунистер шикізат емес экспортты арттыру шаралары елеулі әсер етіп жатқан жоқ деп санайды. Стратегияда 2022 жылы шикізат емес тауар мен қызмет экспорты ауқымын 31,3 миллиард долларға шығару мақсаты қойылған. Бұл өршіл жоспар, себебі өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 23 миллиард долларды құраған.

Экспорттық стратегияның өзінде бұл өнімдердің 90%-ын мұнай өнімдері, қара металл, түсті металл, уран сияқты аралық тауарлар құрайды.  Мұндай экспорттың экономикалық тиімділігінің шикізат жеткізуден айырмашылығы аз және ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыруға әсер етпейді. Үш жыл ішінде шикізат емес тауар экспортын 9 миллиард долларға арттыру мүмкіндігі бар, ол үшін өндіріс пен металлургия, уран өндірісі мен жүк транзитіндегі бағаны арттыру қажет. Экспорттық табыс пен бюджетке аударымдар да ұлғая түсетіні сөзсіз. Бірақ бұл ұлттық экономика тұрақтылығы  мен жаңа жұмыс орындарының артуына әсер етеді ме? Өте шектеулі.

Үкімет назарын ұлттық экспорттық саясаттың мақсаты жеткізілімнің жалпы ағынын көбейту емес, олардың құрылымын жақсарту, экспорттық табыстың жаңа көздерін қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру  болу керектігіне аудартқымыз келіп отыр.

Біздегі мәлімет бойынша, өткен жылы «көлік, құрылғылар, көлік құралдары, жабдықтар мен аппараттар» тауарлық тобы бойынша экспорт 719 миллион долларды құраған. Отандық экспорт ауқымы бойынша бұл көрсеткіш небәрі 1%.

 Қазақстандық экспортты ілгерілету үшін мемлекет үш жылға 500 миллиард теңге бөледі. Қайта өңделетін тауар экспортының ауқымы 842  миллиард теңгені құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, қолдауға аз қаражат бөлінбейді. Үкімет шетелден сауда өкілдіктері желісін ашуды жоспарлап отыр. Бірақ мемлекет сыңайлы құрылымдар қазақстандық өнім үшін тауаша табатынына кепіл жоқ.

Коммунистер Үкіметті ұлттық экспорттық стратегияның мақсат-міндеттерін қайта қарастыруға шақырады. Ең ұтымдысы – бар күшті орташа, жоғары қайта өңделген өнімдер мен жоғары технологиялық тауарлар экспортына жұмылдыру қажет.

Қолдауға қажетті экспорттың шынайы көлемі ондаған миллиард долларды емес, әзірше жүздеген миллионды ғана құрайтынын сезіну қажет.  Сондықтан бюджеттік қаражатты барлық экспортты қолдауға емес, тек перспективалы шетелдік нарығы, экономика үшін мультипликативті пайдасы  бар 2-3 саланы  таңдау қажет және оларды жаңа сапалы деңгейге шығару керек.  Сонымен қатар сатылым кезеңінде емес, өндірісті ұйымдастыру кезінде көмек көрсету қажет. Бұл модель жұмыс істесе, экспортқа бағдарланған бағыттар аясын кеңейте отырып оны басқа салаларға да қолдануға болады. Бұл «баяу» стратегия, бірақ «жалпы» қолдауға қаражат жіберіп, сан қуалағанды жалғастырудан жақсы.

Депутаттық сауалға жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймыз.

 

 «Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:                                                 

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

04.09.2019ж.  жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.