Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 10:01

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

4 қыркүйек  2019 жылы жарияланды

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші ашық сессиясында сөз сөйлеген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғау қызметінің маңыздылығына ерекше назар аудартып, үкіметке ІІМ реформасына бөлінетін қаражат аясында осы сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасына қоса азаматтық қорғау құрылымы қызметін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарды қарастыруды ұсынып отырмыз:

  1. Беларусь Республикасының үлгісі бойынша, өртке қарсы қызметтің қатардағы қызметкерлеріне негізгі жұмыстан бос уақытта қосымша жұмыста еңбек етуге заң жүзінде рұқсат беруді; Қазіргі таңда Қазақстанда бұған заң жүзінде тыйым салынған;
  2. Мемлекеттік өртке қарсы қызметке қабылдау мерзімін алты айдан үш айға дейін қықсартуды;
  3. Өртке қарсы қызмет мамандарының көп пәтерлі тұрғын үй, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар құрылысының жоба-сметасын құрастыру кезеңінде міндетті түрде қатысуын қарастыруды;
  4. Көлік паркі мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет ғимараттарын және азаматтық қорғау құралдарын кезең кезеңімен жаңарту;
  5. Құтқару қызметі қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығу жасын полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің үлігісі бойынша қысқарту. Қазіргі таңда құтқарушылар жалпы негіз бойынша 63 жаста зейнетке шығады. 63 жастағы сүңгуір құтқарушының біреуді құтқарып жатқанын елестетудің өзі қиын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.