Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 10:27

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жалпы Еңбек Қоғамы мен  қоғамның рухани жаңғыруына  бағытталған экономикалық, саяси, әлеуметтік үдерістерді үйлестіруге негізделген Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған бағытын толыққанды қолдаймыз.

Экономиканың шынайы жетістіктеріне, елдің халықаралық рейтінгісіне негізделе отырып, ішкі саяси мәселелерді шешуге көшу қажет.  Сіз басқарып отырған Үкімет қиын жылдарда қалыптасқан ойлау мен іс-әрекет инерциясын еңсеру бойынша жұмыс атқарып жатыр. Әрине бұл жолдың басы. Әлі күнге дейін көптеген проблемалар өз шешімін күтіп тұр.

Осыған орай коммунистер тарихи Отанына оралған қоныс аударушылардың мәселелеріне назар аудару қажеттілігін көріп отыр. Жазғы жұмыс сапары барысында Ақмола облысының Қызыл жар ауылындағы жағдай бұған дәлел бола алады.

Біріншіден, «Нұрлы көш» ауылының құрылысы  қарапайым құрылыс стандарттарына жауап бермейді. Көптеген нысандардың қабырғалары жұқа, сапасы сын көтермейді. Бұл өте қауіпті. Үйінділер астында тұтас отбасылардың қалу қауіпі бар. Бұл үйлер тұруға жарамсыз. Бұған қоса тұрғындар осы «игілік» үшін коммуналды қызметтен басқа, жалдағандары үшін ақша төлейді. Әлі күнге дейін тұрғын үйлерді жеке меншікке берудің жолдары табылмаған.

Бұған қоса бірқатар  инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелер бар: ауылда балабақша мен мектеп жоқ, балаларды Қызыл жардағы мектепке жеткізу қиынға соғады. Ауылдың басым бөлігі орталық жылу және кәріздендіру жүйесіне қосылмаған. 

Ауыл тұрғындары арасында құрылысқа республикалық бюджеттен бөлінген қаражат алаяқ құрылыс компаниялары мен шенеуніктермен қолды болғаны жайлы  сөз жүр.  Бұл фактіні жоққа шығаратын аргументтерді табу қиын, себебі ауылды 20 жыл бұрын үкіметтік комиссия қабылдап алған.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біздегі ақпарат бойынша мұндай мәселелер өзге де аймақтарда бар. Сондықтан арнайы Үкіметтік комиссия құруды ұсыну жөн деп санаймыз. Оның жұмысына да қатысуға әзірміз.

Қазіргі кезде бұл іске жауаптыларды табу қиын болар. Дегенмен солтүстік аймақтың табиғи жағдайына  жарамсыз баспаналарды қабылдауға және эксплуатацияға рұқсат берген шенеуніктерді жария ету маңызды деп санаймыз.  

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т. И.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

4 қыркүйек 2019 ж. жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.