Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019 11:40

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

 даму министрі Р.В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауы арқылы ел экономикасының түрлі салаларындағы жағдайды түбегейлі талдауды талап етті.

Еліміздегі тау-кен саласының бай әлеуетін ескере отырып, талдауды  минералды-шикізат кешенінен бастаған жөн деп білеміз. Бізге мүмкіндік пен қиындықты нақты түсіну қажет.

Дамыған минералды-шикізат кешені Қазақстанға қор қалыптастыруға, өндірісті жаңғыртуға, индустриалды елдердің қатарына қосылуға жағдай жасады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамын іске асыру басталды. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс пен CRIRSCO  халықаралық жүйелер тобына кіретін қазақстандық ресурс коды (KAZRC) қабылданып, күшіне енді. Бұл нормативті-құқықтық құжаттар жер қойнауы және жер қойнауын пайдалануды реттеудегі халықаралық талаптарға сай. Сондықтан инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттырады.

Жер қойнауы туралы кодекс аясында «Алғашқы болып келдің – алғашқы болып алдың» ұстанымы енгізілді, жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну мерзімі қысқартылды, Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы қабылданды, геологиялық ақпаратқа еркін рұқсат берілді, көптеген әкімшілік кедергілер жойылды.

 Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жаңа ұстанымдарын толық енгізу және жаңа процедураларды ретке келтіру үшін бес жылдық өтпелі кезең қарастырылған. Жаңа стандарт бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу үдерісінің негізгі тұлғасы кодекс пен кәсіби этикада қабылданған ережелерге сай әрекет ететін білікті маман болып табылады.

    Елбасының бастамасымен қолға алынған реформалар минералды-шикізат кешен жұмысының тиімділігін талап етеді. Оны шамамен 30 жыл бойы  жеке жер қойнауын пайдалану нәтижесін шығарудан бастау қажет.

Олар жұмыстың қалыптасқан тәжірибесі мен әдісін қолдану арқылы дәстүрлі шикізат түрлері бойынша жүргізіліп жатқанын дәлелдейді. Сала тұрақты жұмыс істеп тұр.

Ұзақ уақыт жұмыс істеген жүйе жаңартуды талап етеді, ал заманауи тенденциялар мен жаңа технологиялар жаңа міндет пен жаңа әдіс ұсынады.

Тәжірибе инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушылардың барлығының ниеті мен іс-әрекеті бірдей емес екенін көрсетіп отыр.

Өкінішке қарай мынадай фактілер орын алуда:

  • Келісім шартты орындамау;
  • Өңделген қор туралы мәліметтің жоқтығы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері туралы деректің тапшылығы;
  • Салық, жер, табиғатты қорғау, экологиялық заңнамалар талаптарын бұзу және өзге де құқықбұзушылық әрекеттер.

Атқарушы органның (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) мәліметі бойынша, келісімшарттық аумақтардағы 68 учаскеде барлау негізсіз 14 жылға созылған, бастапқыда оған 6 жылға ғана рұқсат берілген.

Мұндай іс-әрекетке жол берілмеуге тиіс.

2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек», - деген болатын.

 Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясы:

  1. Атқарушы орган жанынан жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттағы міндеттемелерді орындау нәтижелерімен танысу үшін мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар мен тәуелсіз сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруды;
  2. Келісімшарттық міндеттемелер бойынша құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Үкіметіне жер қойнауын пайдалану келісімін бұзу және мұндай учаскелерді «Жер қонауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жаңа ережелеріне сәйкес конкурсқа шығаруды ұсынады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес жауапты заңнамада белгіленген мерзімде  беруіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары –

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

Баймаханова Г.А.

Ахметбеков Ж.А.

Қоңыров А.О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М.М.

Смирнова И.В.

Сыздықов Т.И.

11.09.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.