Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 11:40

Түзету мен реакция Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық экспорттық саясатты қайта қарастырып, түзетулер енгізеді. Жақсы идея, бірақ оның нәтижелігі күмән тудыртады. Қазақстандық экспорттың жай-күйі  туралы өткен сәрсенбідегі Мәжіліс отырысында «Халық коммунистері» фракциясының басшысы Айқын Қоңыров айтып берді.

  • Түзету енгізу қазіргі әлемдік нарықтағы жағдаймен түсіндіріледі. Бірақ нарықтағы жағдай еш өзгермеген, - деді депутат.

Қоңыровтың пікірінше,  шикізат экспортын арттыру бойынша қолданылатын шаралардың пайдасы аз. Стратегияда 2022 жылы шикізат емес тауар және қызмет экспортын 31,8 миллард долларға шығару мақсаты көзделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 23 миллард теңгені құраған. 

Үкімет 90 пайыздан астам қазақстандық экспорт – төмен қайта өңдеуден өткен аралық тауарлар екенін мойындап отыр. Нақтырақ айтсақ, мұнай өнімдері, қара және түсті металдар мен уран. Мұндай экспорттың экономикалық пайдасының шикізат жеткізуден айырмашылығы аз, ұлттық экономика тұрақтылығын арттыру бойынша да нашар жұмыс істейді.

  • Мұндай стратегиямен үш жылдың ішінде шикізат емес тауар экспортын 9 миллиард долларға жеткізу әбден мүмкін. Осы уақыт ішінде өндіріс пен металлургия, уран өндіру және көліктік транзит бағасы артса, - деді коммунист.

Әрине экспорттық пайда, бюджетке түскен түсім де артады. Бұдан экономика тұрақтандырылғанымен, жұмыс орындары артпайды. 

  • Ұлттық экспорттық саясаттың мақсаты жеткізілімнің жалпы қарқынын арттыру емес, олардың құрылымын жақсарту болып табылады, - деп түсіндірді мәжілісмен. Басты мақсат – мұнай мен металл бағасының әлемдік ауытқуына тәуелсіз экспорттық түсімнің жаңа көздерін қалыптастыру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру.

Өткен жылы «көлік, құрал-жабдықтар, көлік құралы, аппараттар» тауарлық тобы бойынша экспорт 719 миллион долларды құраған. Отандық экспорттың жалпы ауқымында бұл көрсеткіш небәрі 1 % құрайды.

  • Қазақстандық экспортты ілгерілендіру үшін мемлекет үш жылға 500 миллиард теңге бөліп отыр. Ал жоғары қайта өңдеуден өткен экспорттық тауар ауқымы шамамен 842 миллиард теңге. Салыстыратын болсақ, қолдау үшін аз қаражат бөлінбейді, - деп мәлімдеді А. Қоңыров.

 Мұндай қолдау кімді қолдайды деген сұрақ туындайды. Үкімет шетелде сауда өкілдіктері желісін ашуды жоспарлап отыр. Әлемдік нарықта қазақстандық тауар үшін тауаша табылатынына кепілдік жоқ. Сондықтан мұның қаншалықты дұрыс шешім екені белгісіз.

  • Оңтайлы шешім бар – орташа және жоғары қайта өңделген өнім мен жоғары технологиялық тауар экспортына шоғырлану қажет, - деп нақтылады коммунист. Депутат шынайы қолдауды қажет ететін экспорт ауқымы бұған қарағанда аз екенін айтты. Олар ондаған миллиард долларды емес, жүздеген миллиондарды ғана құрайды.
  • Сондықтан барлық экспортты қолдауға бюджеттік қаражатты жұмсау қисынсыз. Оның орнына перспективалы шетелдік нарығы, экономика үшін мультипливативті пайдасы бар 2-3 саланы таңдап, оларды сапалы жаңа деңгейге шығару қажет. Сонымен қатар сату емес, өндірісті ұйымдастыру кезеңінде көмек көрсету керек, - деді А.Қоңыров.

Бұл модель жұмыс істесе, кейін оны экспортқа бағдарланған бағыт ауқымын кезең кезеңімен кеңейту арқылы өзге де салаларға қолдануға болады.

  • Бұл «баяу» стратегия, бірақ «жалпы» қолдау мен сан қуалағанға қарағанда тиімді, - деді коммунист.

 Маргарита НИКИТИНА

Прочитано 27 раз
Другие материалы в этой категории: « Әйелдің нәзік күші Отандық туризм тұралап тұр »

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.