Сенбі, 18 Мамыр 2019 13:20

ҚКХП республикалық сайлауалды штабы ұйымдастырған автошеру пионерлер күніне арналды.

Оцените материал
(1 Голосовать)

Елордада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының сайлауалды штабының ұйымдастыруымен үгіт-насихат автошеруі өтті. Оған ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков пен ҚКХП ОК хатшысы, Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының-республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров қатысты.

30 көліктен құралған автотізбек ҚКХП-ның респбликалық штабынан бастау алып, адамдар көп шоғырланған жерлермен жүріп өтті. Коммунистік нышандармен және қызыл тумен безендірілген автокөліктерді көлік жүргізшілері мен қала тұғындары ерекше қабылдады.

«Бұл іс-шара коммунистер ерекше қадірлейтін пионерлер күні қарсаңында өтті және осы мерекенің құрметіне арналды. Бұл күннің коммунистер үшін нышандық маңызы зор. Сондықтан біз пионерлер күнін автошерумен атап өтуді жөн көрдік. Автошеру қаланың негізгі көшелерінен өтті. Осылайша біз өз жұмысымызға қала тұрғындардың назарын аударттық. Шара шеңберінде қалың көпшілікке партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үгіт парақтары таратылды», - деді Ж.Ахметбеков.

Ол сайлауалды тұғырнама 5 маңызды бағыттан тұратынын айтты. Олардың барлығын «Адал еңбек қоғам мүддесі үшін!» ұраны біріктіреді. Ж.Ахметбеков автошеру өткізу - халықпен байланыс орнатудың тиімді тәсілі екенін айтты.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы еңбек адамы мүддесін қорғайды. Біз – «халық жақтаушыларының» партиясы, 15 жылдан астам өз жұмысымызды бірнеше маңызды бағыттарға арнап келеміз. Біз Қазақстанның көптеген сайлаушылары біздің экономикадағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі ұстанымымызды қолдайтынына сенеміз», - деді Ж.Ахметбеков.

Дәл осындай автошеруді Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 14 мамыр күні және бұған дейінгі президенттік, парламенттік сайлау барысында ұйымдастырған. Бұл – ҚКХП үшін дәстүрлі іс-шараға айналған игі бастама.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cdfbf58810d1 photo 2019 05 18 14 15 465cdfbf58810d1 photo 2019 05 18 14 15 465cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 45cdfb3c15c0a8 Astana probeg 4

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.