Жұма, 24 Мамыр 2019 13:09

Ж. Ахметбеков «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жұмысшыларымен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

24 мамыр күні ҚКХП атынан ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков   «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жұмысшыларымен кездесті.

Ж.Ахметбеков жиын қатысушыларын сайлауалды тұғырнамамен таныстырды.

Әсіресе, біздің діліміз мен моральдық шегімізге жат батыс мәдениеті мен өмір стандарттарының кері әсеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар Ахметбеков отандық тауарға, әсіресе АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдауды, оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол: «байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жылдан жылға артып келе жатқанын, ауқатты адамдар қоғам есебінен өздеріне қымбат үй, автокөлік алып жатады. Ал өз еңбектерімен ақша тауып жүргендер аз жалақыға күн көруге мәжбүр. Табыстың әділетсіз үлестірілу жүйесін тоқтату қажет. Еңбек адамы өз еңбегіне сай жалақы алуы тиіс», - деді.

Біз аталмыш ресурстарды дұрыс пайдаланған жағдайда Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша Кувейтпен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Норвегиямен иық тіресе алады, - деді Ж.Ахметбеков.

Коммунист-үміткер өз сөзінде коммунистік идеология жиі сынға ұшырайтынын атап өтті. Бірақ ҚКХП ізашарлардың қателіктерінен нәтиже шығару арқылы қазақстандықтардың сеніміне ие бола алды.

Үміткер, партия және оның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастыратын болады. Барлық қашқын олигархтарды сотқа тарту керек!

Сондай ақ Ж.Ахметбеков заманауи Қазақстанның басты құндылығы болып табылатын бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау керектігін айтты. Эгоцентрлі индивидуализм жаңа батыстық дәстүр ізбасарларының мінез-құлқына тән болып табылады. Ол көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, біздің ділімізге, моральдық межемізге жат.

Кәсіпорын жұмысшылары ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасының тезистерін жақсы қабылдады.

Кездесу барысында әлеуметтік сипаттағы сұрақтар қойылды. Аймақта газ бен электрқуатының жоғары тарифтері, жұмыссыздық, денсаулық мекемелерінің тапшылығы сияқты мәселелер бар. Үміткер барлық сұрақтарға толыққанды жауап беруге тырысты.  

Жиын соңында Ж.Ахметбеков сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

Vybory 1Vybory 1Vybory 1Vybory 1Vybory 1Vybory 1Vybory 1Vybory 1

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.