Сенбі, 25 Мамыр 2019 11:46

«Соңғы қоңырау» күніне арналған салтанатты жиын

Оцените материал
(1 Голосовать)

25 мамыр күні Шымкент қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Н.Қадырқұлов Шымкент қаласындағы №15 мектеп-лицейінде болып, «Соңғы қоңырау» күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.

Ол оқушыларды, түлектер мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

«Кезекті оқу жылы тәмамдалды. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Мектеп өмірі – естен кетпейтін шақ. Мектеп бітіру – әрбір адам өміріндегі маңызды меже. Барлық түлектер үлкен өмірге қадам басып жатыр. Сіздерді алда жауапты кезең – мамандық таңдау және болашақ тағдырларыңды айқындау сәті күтіп тұр. Бірнеше жылдан кейін сіздер туған өлкенің, Қазақстанның болашағын бізбен бірге құатын сауатты жас маман болып ораласыздар», - деді Н.Қадырқұлов.  

Ол ұстаздарға ерекше алғыс білдіріп, олар оқушыларға тек қана білім емес, жан жылуын беретінін айтты. Сонымен қатар Қадырқұлов олардың жанкешті еңбектері жас ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен еліміздің зияткерлік капиталын қалыптастыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Н.Қадырқұлов қазіргі таңда жастардың мемлекеттің тағдырына алаңдаушылығы бәсең екенін, олардың түрлі оқиғаларға бей-жай қарауы белең алып бара жатқанын баяндады. ҚКХП бұл жағдайды түзетуге барынша атсалысатынын жеткізді.

Кездесу соңында баспасөз қызметінің өкілі барлық қатысушыларға денсаулық, мерекелік көңіл-күй және сәттілік тіледі.

ҚКХП баспасөз қызметі

5ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 75ce8d5e8a2ebf posledniy zvonok 7

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.