Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 13:38

Облыстық сайлауалды штаб өкілдері Алматы облысының сайлаушыларымен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

30 мамырда ҚКХП үміткерінің сенім білдірілген өкілі, Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С. Биғарова Талдықорған қаласының Д.Қонаев атындағы этнографикалық музейін аралады және Оқушылар сарайында сайлаушылармен кездесті.

С.Биғарова батыстың ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті екенін айтты. Сонымен қатар ол ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасында батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту мәселесі атап көрсетілгеніне тоқталды.

Облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Қазақстанның әрбір азаматы елдің болашағына жауапты екенін алға тартып, сайлаудың маңыздылығын тілге тиек етті және барша қазақстандықтарды 9 маусымға тағайындалған сайлауға шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cef82636896c vstrecha Almaty 75cef82636896c vstrecha Almaty 75cef82636896c vstrecha Almaty 75cef82636896c vstrecha Almaty 75cef82636896c vstrecha Almaty 75cef82636896c vstrecha Almaty 7

 

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.