Сенбі, 01 Маусым 2019 11:34

Ж.Ахметбековтың кандидатурасын қолдау мақсатында аспанға шар ұшыру акциясы өтті

Оцените материал
(1 Голосовать)

1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай Талдықорғанда президенттікке үміткер Ж.Ахметбеков пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты М.Магеррамовтың қатысуымен аспанға қызыл шар ұшыру акциясы ұйымдастырылды.  

Үміткер барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Ж.Ахметбеков: «Әлемде бала мен балалық шақтан асқан байлық жоқ. Сондықтан біз жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жас ұрпақтың толыққанды және үйлесімді дамуына жауапты біздер үшін өте маңызды. Балалар күн сайын өсіп, дамып, бізді жарқын болашаққа жетелесін. Биліктің, қоғамның және барлық адамдардың басты мақсаты - саналы, тәртіпті, білімді ұрпақ тәрбиелеу», – деді.

Депутат М.Магеррамов та жиналғандарды мерекемен құттықтап, өздерінің қызметтік міндеті немесе жүрек қалауы бойынша балалардың бақытты әрі саламатты болуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдірді.

Сонымен қатар ол мемлекет біздің балаларымызды интернет-контенттің кері әсерінен қорғаға тиіс, сонымен қатар көркем әдебиет, ұлттық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аударуы керек. Әдебиет заманауи және болашақ ұрпақтың рухани азығы болып табылады дегенді айтты.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 75cf20d31a8c09 vstrecha Taldykorgan 01.06 7

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.