Жексенбі, 02 Маусым 2019 12:44

Үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында «Адал еңбек қоғам мүддесі үшін» деген ұранмен флеш-моб өтті

Оцените материал
(1 Голосовать)

2 маусым күні Облыстық сайлауалды штаб Қарағанды қаласында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында «Адал еңбек қоғам мүддесі үшін» деген ұранмен (Юго-Восток шағ.ауд.) флеш-моб өткізді.

Іс барысында аспанға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ұрандары жазылған шар ұшырылып, үгіт парақтары таратылды.

ҚКХП Қарағанды облыстық сайлауалды штабының жетекшісі А. Зевахин коммунистік идеология сынға көп ұшырайтынын, алайда қазіргі коммунистер бұрынғы ізашарларының қателігін қайталамай, заман талабына сай әрекет етіп жатқанын баяндады.

Ол ҚКХП халықтың сенімі мен құрметіне ие болып отырғанын атап көрсетіп, саяси құрылым тұрмысы төмен адамдардың жағдайын жақсарту жолында қызмет етіп, еңбек адамының құқығын қорғайтынын айтты.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда партия Парламент Мәжілісінде қарапайым халықтың мүддесін қорғап, билік пен халық арасына алтын көпір болып отыр.

А. Зевахин партияның сайлауалды тұғырнамасы кедейлікпен күреске сонымен қатар батыстың жалған құндылықтарынан бас тартуға үндейтінін жеткізді.

ҚКХП баспасөз қызметі

FleshKaraganda0206 4FleshKaraganda0206 4FleshKaraganda0206 4FleshKaraganda0206 4

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.