Сейсенбі, 04 Маусым 2019 11:15

Ж.Ахметбеков Экономика және қаржы колледжінің ұжымымен кездесті

Оцените материал
(1 Голосовать)

4 маусым күні Өскеменде ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков Экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессор құрамымен және студенттерімен кездесті.

ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінен орын алып отырған саяси ұйым екенін және мемлекеттік деңгейде халық мүддесін қорғайтынын айтты. Бұдан кейін спикер сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттарын таныстырып, тұғырнама коммунистік идеология ұстанымдарынан бастау алатынын тілге тиек етті.

Ж.Ахметбеков ҚКХП АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күрес бағдарламасын қабылдауды, оны іске асыруды және отандық тауарға деген сұранысты арттыруды бірнеше рет ұсынғанын және оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтінін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында спикер сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында белсенді болуға және лайықты үміткерге дауыс беруге шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf5f4828a987 vstrecha 04.06 45cf5f4828a987 vstrecha 04.06 45cf5f4828a987 vstrecha 04.06 45cf5f4828a987 vstrecha 04.06 45cf5f4828a987 vstrecha 04.06 45cf5f4828a987 vstrecha 04.06 4

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.