Дүйсенбі, 16 Желтоқсан 2019 07:39

Құрметті қазақстандықтар!

Оцените материал
(1 Голосовать)

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

         Бұл – ел тағдырын өз тағдыры деп білетін әр қазақстандық үшін қастерлі әрі қадірлі мереке.

1991 жылы 16 желтоқсанда әлем тарихының жылнамасы жаңарды. Дәл осы күні Қазақстан тәуелсіз ел атанып, азаттығы мен дербестігін жариялады.

Біз 90 - шы жылдардағы алаң-елең шақта келер ұрпаққа әлем бойынша 9 - орындағы ұланғайыр жерді сақтап қалдық. Шекарамызды шегендеп, көптеген елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық.

Жаңа тарихымыздың тәуекелге бел буғызған сындарлы сәттері аз болған жоқ. Дегенмен тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, тамыры тереңдей түсті. Себебі әр қазақстандық тәуелсіздікті еліміздің ең басты құндылығы деп білді.

Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен бақ-береке, ынтымақ пен ырыс тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

 

ҚКХП ОК хатшысы

Айқын ҚОҢЫРОВ

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.