Жұма, 20 Желтоқсан 2019 10:02

КОММУНИСТ-ЖАСТАР ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы (ҚКЖО) «Public talks: өмір мен табыс тарихы» жобасы аясында алғаш рет кездесу ұйымдастырды.

Ай сайын өткізілетін жоба түрлі салада жетістікке жеткен табысты адамдармен бейресми жағдайда және ашық диалог алаңында кездесуге арналған.

ҚКХП жастар қанаты қолға алған жобаның алғашқы қонағы – Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо мырза болды.

 Мәртебелі мейманмен жүздесуге тарихшы-студенттер, болашақ заңгерлер, дипломаттар мен аудармашылар жиналды. Түрлі себептермен кездесуге қатыса алмағандар үшін тікелей эфир ұйымдастырылды. Олар шараны онлайн-режимде тамашалап, сұрақ қойды.

Ашық әңгімеге негізінен Куба революциясының Триумф мерекесі өзек болды. Елші кубалық өз Отанының нағыз патриоттары, олардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен жетістіктері туралы айтты. Сондай-ақ өзі туралы сұрақтарға жауап берді.

– Мен үшін табыс деген – өз еліңнің және жалпы адамзаттың игілігі үшін еңбек ету. Жеке материалдық байлықтан гөрі рухани байлыққа ұмтылу, – деді Эмилио Певида Пупо.

Елші өзінің жастық шағындағы саяси қызметін тілге тиек етіп, тәжірибесімен бөлісті.

– Жастарды әділет жолындағы күрес қызықтырады, – деді Эмилио Певида Пупо. 

Қазақстан Коммунистік Жастар одағы

Jastar 4Jastar 4Jastar 4

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.