Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 17:35

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

М.Е. Әбілқасымоваға

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

Е.А. Біртановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Мәдина Ерасылқызы!

Құрметті Елжан Амантайұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы «Көмей стенозы» ауруына шалдыққан балалар мәселесіне назар аудартқымыз келіп отыр. Көмей стенозы барысында көмей ішінара немесе толыққанды тарылады, сөйтіп демалу жолдарына ауаның өтуі қиындайды немесе ауа мүлдем өтпейді.

Аурудың пайда болу себептері әртүрлі, операция міндетті түрде жасалынуы тиіс. Алайда Қазақстанда мұндай отаны Астанадағы «Ана мен бала» орталығындағы бір ғана маман жасайды. Кей кезде отаны мастер-класс өткізуге келген шетелдік мамандар жасайды. Операция үшін балалардың ата-аналары ақы төлемейді.

Бірақ операциядан кейін балаларға қажетті шығыс материалдарды ата-аналар өздері сатып алады. Бұл материалдар Қазақстанда мүлдем жоқ, шет елден ғана сатып алу керек. Қажетті материалдар қымбат тұрады, кез келген отбасының қаржылық жағдайы көтере бермейді.  Осының салдарынан бір рет қолданылатын материалдар бірнеше рет пайдаланылады. Мысалы, айына екі рет ауыстырылуы тиіс трахеостоматикалық түтік 10 мыңнан 16 мыңға дейін тұрады, ал  аптасына бір рет  ауыстырылатын фильтрдің құны 1250 теңге, яғни айына 30 мың теңгені құрайды.

15 мың теңге тұратын дауыс клапанын айына екі рет ауыстырып отыру қажет.  Қарапайым гастростомикалық түтік 18 мың тұрады, бірақ ол өте ыңғайсыз, ал балаға өте қолайлы  батырмалы түтік 100 мың теңге тұрады.

Бұл бала өмірін қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті шығыс материалдарының барлық тізімі емес.  Осы тізімнің өзінен «Көмей стенозына» шалдыққан балалардың ата-аналарының жағдайын түсінуге болады. Топсыз берілетін мүгедектіктің жәрдемақысы 63 мың теңгені құрайды.

Осыған орай, «Көмей стенозы» ауруына шалдыққан балаларды операциялық кезеңнен кейінгі шығыс материалдарына көмек алушылар санатына енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

депутаттық фракциясының мүшелері:

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

И. Смирнова

Т. Сыздықов

 

«Нұр Отан»

депутаттық фракциясының мүшесі

З. Балиева

13.02.19 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.