Сәрсенбі, 15 Мамыр 2019 14:19

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Кезекті оқу жылы аяқталып келеді. Мыңдаған жас қазақстандықтар алдында жоғары білім алу мәселесі тұр. Мемлекет жас ұрпақты отандық экономиканың индустриалды дамуына қажетті жұмысшы мамандықтар алуға бағыттап отыр. Жастарға бюджет есебінен жұмысшы мамандық алып шығуға мүмкіндік беретін "Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім" атты бірегей бағдарлама іске қосылды.

Дегенмен бұл бағдарламаның бірінші кезеңі тиісті нәтиже берген жоқ. Себебі тегін мүмкіндікті пайдаланған жастар саны аз. Себебі бұл жоба әу бастан сапаға емес, 670 мың адамды қамту үшін санға басымдық берді. Ал еңбек нарығы мен жастардың сұранысы толыққанды зерттелмеді.

Мемлекет бағдарлама бойынша жыл сайын шығындарды арттырып отыр. Бірақ оны сынамалы режимде жеке аймақтар немесе кәсіпорындар мен болашақ мамандар арасындағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені енгізу арқылы сала негізінде тексеру қажет еді.

Жұмысшы мамандықтардың тартымдылығы төмен деңгейге түсіп қалған. Оны қалпына келтіру үшін тегін білім ғана емес, ауқымды жүйелі жұмыс қажет.

Бұған қоса білім беру жоспары мен экономикадағы шынайы жағдай арасында үлкен алшақтық пайда болды.

Статистика жөніндегі комитет 2 миллион 416 мың адам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындарды зерттеген. Ағымдағы жылда жұмысшы кадрлардың сұранысы 11 мың адам, яғни 0,5 % құрайды.

Экономика дамып келе жатқанмен, ол техникалық мамандықтар бойынша жұмысшы орындарды түрлендіріп отырған жоқ.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын талдау нәтижесі оның еңбек нарығы құрылымына ешқандай ықпал етпегенін көрсетіп отыр.

Өнеркәсіптің басым салаларында 2014 жылдан 2018 жылға дейін, яғни соңғы 5 жылда жұмыс орындарының саны шектеулі құрылғанын көрсетіп отыр. Азық-түлік өндірісі саласында жұмыспен қамту 1600 адамға артқан, түсті металлургияда 700 адамға, агрохимияда 800 адамға, теміржол техникасын өндіру саласында 100 адамға, мұнай-газ, химия саласында еш өзгеріссіз.

Сонымен қатар басым салаларда жұмыс орындарының қысқартылу үдерісі байқалып отыр. 2014-2018 жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар саны күрт төмендеген:

- құрылыс материалдары өндірісінде - 8900 адамға;

- тау-кен қазу өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндірісінде - 3 мың адамға;

- мұнай өңдеу саласында - 1 мың адамға;

- өнеркәсіп үшін химикаттар өндіру саласында - 1800 адамға;

- мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін құралдар өндіру саласында - 1 мың адамға;

- электр құралдарын өндіру саласында - 1300 адамға;

- автокөлік құралдарын өндіру саласында - 300 адамға;

- ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласында - 400 адамға.

"Халық коммунистері" фракциясы жастарды жұмысшы мамандықтарға оқыту мемлекеттік маңызы бар шаруа деп санайды. Мұнда науқаншылдық пен немқұрайлылыққа жол берілмеуі тиіс.

Осыған орай мынадай сұрақтар бойынша хабардар етуіңізді сұраймыз:

  1. "Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім" бағдарламасының сұранысын арттыру үшін қандай түбегейлі шаралар қабылданды?
  2. Нақты мамандықтар бойынша кәсіби техникалық білім беруге тапсырыс қандай мәліметтерден қалыптасады, бұған ғылыми негіз бар ма?
  3. Индустриализациялау бағдарламасындағы басым салаларда жұмыспен қамтылғандар санын арттыру бойынша нәтиженің жоқтығы немен байланысты, өнеркәсіптік өндіріс саласында жұмыс орындарын арттыру бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр?

«Халық коммнистері»

фракциясының мүшелері:                                                      

 А. Қоңыров

 Г. Баймаханова

 В. Косарев

 М. Магеррамов

 И. Смирнова

 Т. Сыздықов

15 мамыр 2019 жылы жарияланды

 

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.