Бейсенбі, 20 Маусым 2019 10:46

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Г.Н. Әбдіқалықоваға

Депутаттық сауал

Құрметті Гүлшара Наушақызы!

Халық мемлекеттің көпбалаы отбасы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар мәселесін шешуге бағытталған қадамдарын жақсы қабылдады. Бірақ бұл бағдарламаның ақпараттық және ұйымдастырушылық мәселелері пайда болып, қоғамның түсініспеушілігін тудыртты, атаулы әлеуметтік көмек идеясының іске асырылуы мен конструктивтілігіне көлеңке түсірді.  

Министрліктер, атқарушы құрылымдар атқарылатын жұмыс ауқымын шынайы бағалай алмады, іске асыру барысында туындайтын қиындықтарды болжай алмады. Сондықтан АӘК-ке шынайы мұқтаж адамдармен қатар, көптеген алаяқтар да жүгіне бастады. Ажырасу фактілері жиілеп кетті. АӘК алуға табыстарын жасырып отырған, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың көлеңкесінде жүрген делдалдар да талпынып жатыр.

Мемлекттік көмек алуға ниетті азаматтардың қалыптасқан ағынымен жұмыс істеуге жүйелі түрде келу керек.

Біріншіден, бұл ауқымды жұмысты қала және аймақтардағы Жұмыспен қамту орталықтарына жүктеу шешімі күмән тудыртады. Жұмыспен қамту, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, әсіресе "Жастар жылы" өте жауапты міндет.  Өздерінің негізгі қызметтеріне кедергі келтіре отырып, Орталықтар атаулы әлеуметтік көмек бойынша құжаттарды әзірлеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Мысалы, 100 адам штаты бар Жұмыспен қамту орталығы астананың миллиондаған халқымен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған біз жұмыс сапары барысында куә болдық.  Интеграциялық ақпараттық жүйесіз жағдайда шамадан тыс жүктеме қазірдің өзінде кадрлардың жылысуына әкеп отыр. Орталық ғимараты таңертеңнен кешке дейін азаматтарға, әсіресе балалы әйелдер мен зейнеткерлерге толы. Бейімсіз кабинеттер мен дәліздерде көктемнің өзінде тыныстайтын ауа жоқ болатын, қазіргі жағдайды елестету тіпті қиын.

Біз шұғыл түрде Орталық қызмет көрсететін ғимарат пен қызметкерлерге қосымша жүктеме үшін қосымша ақы тағайындау мәселесін шешу керек деп санаймыз. Басқарма, ведомство, министрліктерден тексеріс үшін емес, жергілікті жерде нақты көмек көрсету үшін жауапты қызметкерлерді жіберу қажет. Сондай-ақ бірқатар құзыретті әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерге, жергілікті жерлердегі министрлік құрылымдарына  беру қажет. Сол арқылы Орталықтардың жұмысын едәуір жеңілдетуге болады.

 Екіншіден, тұрақты, жүйелі жұмыс ұйымдастыру үшін жаңа тәсілдер пайдалану қажет. Мысалдар бар. Ол Алматы қаласындағыдай мамандандырылған әлеуметтік қызмет орталығын құру, ол "бір терезе" әдісі арқылы қойылған мақсаттарды шұғыл шешеді.

Үшіншіден, жалған ажырасу фактілерінің алдын-алу үшін енгізілген түзетулерге сай, ұсынылған түзетулерде жалған құжаттар үшін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтық жауапкершілігін қарастыру қажет деп санаймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

 «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т. И.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

 «NUR OTAN" партиясы фракциясының мүшесі:                           

Бижанова Г.К.

19 маусым 2019 ж. жарияланды   

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.