Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 11:05

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық  сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан туризмді дамытуға құлшынып отыр. Алайда ұлттық парктерді дамыту мен табиғаттың биоалуандығын сақтау ісі ақсап жатыр.

Қазақстанның экологиясына осы салаға жауапты шенеуніктер емес, көбінесе азаматтық қоғам өкілдері жанашырлық танытады. Құзырлы орган өкілдері табиғатты қорғауға қатысты түрлі конвенцияларға қол қояды, бірақ халықаралық құқық талаптары қолданысқа енбейді.  Халықаралық қауымдастық Қазақстанда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар арқылы үнемі мониторинг жүргізіп тұрады.

Мониторинг нәтижесі:

  1. Ұлттық парктерді дамыту жоспарсыз, жобасыз жүргізіледі. Көбінесе бұл іс бизнес-қоғамдастықтың ыңғайына қарай атқарылады. Жер телімдері мейрамхана, сауна, қонақ үй, шаңғы куротын салуға беріледі.
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды дамытуда Ұлттық парк пен рекреациялық жүктемелердің экологиялық ауқымы есепке алынбайды.
  3. Мемлекеттік органдардың ұлттық парк шаруашылығына үнемі араласуы экологиялық жүйенің бұзылуына, су нысандарының ластануы мен құлдыраына, бағалы өсімдіктер мен жануарлар түрінің жойылуына әкеліп соқтырады. Парктер туризм нысаны ретінде маңыздылығын жоюда.

Қазір Іле Алатауы мен Көкшетаудағы жағдай көңіл көншітпейді. Бұл жерлер бірте-бірте қоқыс алаңына айналып келеді. Адамдардың жабайылығы тұмса табиғаттың тоз-тозын шығарды. Мысалы Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағы Алматы қаласының жұпыны әрі лас шеткі аймағына айналып келеді. Туристер мұндай жерлерге бармайды. Экотуризм мен тау туризмін дамыту үшін ең әуелі тазалық қажет. Ал туризмнің басқа түрлері инфрақұрылымсыз, мінсіз қызметсіз ілгерілемейді.

Ерекше қорғалатын аумақтар мен ұлттық парктердің мақсаты – табиғи ресурстарды сақтау үшін экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен биотүрлендіруге әлі күнге дейін қол жеткізілмей тұр. Бұл ғылыми әдісті және атқарушы атқарушы және бақылаушы органдардың, жергілікті билік пен экологиялық қауымдастықтың  жүйелі іс-әрекетін талап етеді.

Бізде мемлекет пен қоғам арасындағы диалог сот залында немесе БАҚ бетінде  жүреді. Билік пен жауапты атқарушы органдар қоғам мен кәсіби мамандардың ұсыныстарын жоққа шығарады.

Үкімет туризм саласына тәртіп орнатуға тиіс. Бұл үшін ғылыми қауымдастыққа жүгініп, экологтардың кеңесіне құлақ асу қажет.

Сізден  Іле Алатауы Ұлттық паркіндегі экологиялық жағдайды қалпына келтіру үшін қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуды сұраймыз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, жауапты заңмен белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

Г.А. Баймаханова

Ж.А. Ахметбеков

М.М.Магеррамов

И.В. Смирнова

А.О. Қоңыров

В.Б. Косарев

Т.Ы.Сыздықов

18.09.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.