Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 11:13

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Елбасы 2015 жылы бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарын жариялады. Оның бесінші бағыты – «Транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыру» болды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында: «Бюджет үдерісінің барлық деңгейде ұйымдастырылуын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Жергілікті бюджетті қалыптастыруға халықтың белсене атсалысуы бұл істе үлкен рөл атқаруға тиіс.

Бұл әдіс БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатына да сай келеді.

Еліміздегі мемлекеттік  органдар ашықтық, қолжетімділік, тұтастық, қатыстылық  сияқты ұсынылып отырған ұстанымдарға сүйенсе, елімізде адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете алмайтын қымбат форумдар ұйымдастырылмас еді. Бюджет есебінен сыра фестивалі өткізіліп, кәсіби және кәсіби емес спортшыларға жағдай жасалмас еді. Есесіне көптеген апаттардың алды алынар еді. Мүмкін таяуда ғана теміржол өткелінде орын алған қайғылы жағдайдың да алды алынар еді. 

Бізде бюджеттің жоспарлануына қатысты ақпарат жоқ. Жергілікті атқарушы билік көп жағдайда бюджет жобасын жарияламайды және бюджетте басымдық берілуге тиісті бағыттарды талқыламайды. Бюджеттің бекітілуінде де ашықтық жоқ. Мәслихаттар қоғамдық тыңдау ұйымдастыру тәжірибесін қалыптастырмаған. Барлығы бөлінген қаржы жұмсала бастағанда белгілі болады. Қазақстандағы бюджеттің ашықтығы екі жылда бір рет ұйымдастырылатын «Әлемнің 100 еліндегі бюджеттің ашықтығы индексі» атты зерттеуде ғана анықталады. Қазақстан 2017 жылдың қорытындысында осы индекс бойынша шекті 100 баллдың 51-ін ғана еншіледі.  Жергілікті жерлерде бюджеттің ашықтығы орталықтағы көрсеткіштен де төмен. Мұнда 34-ақ балл.

Үкіметте екі-ақ министрлік бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр. Олар индустрия және инфрақұрылымдық даму сонымен қатар қаржы министрлігі. Басқа мемлекеттік органдар бекітілген бюджетті ғана жариялайды. Бес министрлік бюджеттің орындалуы туралы есеп бермейді. Үш ведомства стратегиялық жоспарын жарияламайды. Ал 5 мемлекеттік орган жүзеге асырған стратегиялық жоспарының есебін көрсетпейді. Бұл жағдай ашықтық пен есеп берушілікті нығайту бойынша бастаманы жоққа шығарады.

2019 жылға арналған азаматтық бюджетті жоспарлау кезеңінде Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары жариялаған.  Сондай-ақ, Солтүстік қазақстан мен Батыс Қазақстан облысынан басқа жергілікті атқарушы органдар бюджет жобаларын талқылауға шығармайды.  Халықты бюджеттік үдерісті бақылауға тарту тәжірибесі тұрақты сипатқа ие емес. Халық білім беру, денсаулық сақтау және аббаттандыруды қаржыландыру мәселесіне қатыспайды.

Бюджет қаражатын әділетті бөлуге қол жеткізу үшін орталық және жергілікті деңгейде бюджет ашықтығы деңгейін арттыру қажет. Әрбір азаматтың өмір сапасын арттыру үшін тиімді бюджет қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс атқару қажет. Бұл әдіс «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға көмектеседі.

Сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап  беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

18.09.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.