Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 14:46

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біздің  фракция  соңғы жылдары Сізге агроөндіріс кешені мәселелеріне қатысты хаттар мен сауалдар жолдап келеді. Үкіметтің мәселені шешуге ниет танытпай отырғанын көріп отырмыз. Бізге берілген жауаптан ауыл шаруашылығы саласына үкімет мүшелерінің алаңдамайтынын аңғардық. Қазақстанда 6 мың ауыл жабылатыны жайлы жайсыз хабар тарап жатыр. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Үкімет жерді тиімді пайдалануға, ауылда жұмыс орындарын ашуға құлықты емес.

Халық сүт өнімдерімен 63%-ға ғана қамтылған. Үкімет АӨК дамуына қатардағы еңбекшілерді тарта алмады. 1990 жылы ІЖӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс ауқымы 31,8% құраған, ал қазіргі таңда 10 жыл бойы 4,6-4,7%-дан артық көтерілмеген. Бұл алаңдататын жағдай. АӨК дамуына қатысты сансыз бағдарламалар бар, бірақ оның ешқайсысы тиісті нәтиже берген емес.

Елде түрлі холдингтер, корпорациялар құрылған, бірақ олар қаржыландыруға бағытталған. Саланы технологиямен, техникамен жабдықтайтын өндірістік кәсіпорындар жоқ. Біз қарапайым ауыл шаруашылығы техникасын да өндіруден қалдық, барлығын шетелден тасимыз. Қазақстанда бірде бір көліктік мелиоративті станция, мал шаруашылығы фермаларына қызмет көрсететін кәсіпорындар жоқ. Сондықтан елімізге жыл сайын шетелден 4 миллиард АҚШ долларына 60% азық-түлік кіргізіледі. Ірімшік, шұжық, құс еті, май, сүт, тіпті ауыл шаруашылығы техникасы мен тыңайтқыштар да шетелден әкелінеді. Көкөніс шаруашылығының жағдайы да алаңдатады, отандық нарық  шетелдік жеміс-жидек пен көкөніске толып тұр. Біздің көкөніс шаруашылықтары ішкі нарыққа кіре алмай, өнімдерін Архангельск, Мурманск және т.б. қалаларға апаруға мәжбүр.

«Глобальные технологии гармонизации» трансұлттық корпорациясы (Ресей, Мәскеу) жұмысшылар, кәсіпорындар, аймақтар мен мемлекеттер мүддесінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «АӨК-инновация» бағдарламасын құрды. Бұл жоба іске асырылған жағдайда аудандық агрокешендер өндіріс ауқымын арттыру жауапкершілігін өз мойындарына алатын болады. Барлық жерлер іске қосылады, әрбір отбасы мен жеке адам жұмысқа тартылады.

 «АӨК-инновация» жүйесін қарастыруды және оған сүйене отырып мынадай міндеттерді іске асыруды ұсынамыз:

- АӨК-де мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке басымдық беру;

- агроөндірістік ғылым академиясын құру;

- АӨК даму инвестициялық қоры мен агроөндірістік банкін құру;

 - еңбек өнімділігін арттыру негізінде жаңа салық салу жүйесін қолдану;

- бос жерлерді мал азығы өндірісіне беріп, оны жеке салаға айналдыру;

- ҚІМ басын арттыру үшін төлдейтін және салмағы төмен мал союды ерекше бақылауға алу;

- үй шаруашылықтарында құс өсіру үшін жағдай жасау;

 - агротехнологияларды өндіретін құрылымдар құру;

- ірі көлік өнідірісін жандандыру;

- астық өнімдерін қайта өңдеу, сақтау бойынша акционерлік қоғам ашу;

Ұсынылып отырған шаралар ауылдағы өнімділікті арттырып, халықтың Үкіметке деген сенімін қайтарады.

Депутаттық сауалды қарастырып, қабылданған шаралар жөнінде жауапты заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

В.Б. Косарев

Г.А. Баймаханова

Ж.А. Ахметбеков

М.М.Магеррамов

И.В. Смирнова

А.О. Қоңыров

Т. Ы.Сыздықов

18.09.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.