Сәрсенбі, 25 Қыркүйек 2019 14:45

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

«Халық коммунистері» фракциясы жұмыс орнын жоғалту бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудағы әділетсіздікке назар аударды. 2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінген төлем 24 816 теңгені құраған. Осы уақытта елдегі орташа жалақы 176 мың теңге болған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жалақы 177 мың теңге дейін өскен. Ал төлем көлемі 22 736 теңгеге төмендеген.

Тамыз айында орташа жалақы 188 мың теңгеге жеткен, ал Қор төлемі 22 069 теңгеге  азайған. Жалақы өскен сайын төлем көлемі қысқарып отырған.  

Қазіргі таңда Қазақстанда табысты ауыстыру көрсеткіші 0,3 коэффициенті құрайды. Бұл жұмысынан айырылғандарға айлық жалақының 0,3 коэффициенті ғана төленеді деген сөз. Халықаралық еңбек ұйымының минималды стандарты бойынша көрсеткіш 0,45 коэффициенттен кем болмауға тиіс. 

Егер біз Қордан алынған жалақы мен төлемнің шынайы қатынасын алатын болсақ, өткен жылы орнын басу коэфициенті 0,14, ал осы жылдың тамыз айында 0,11 құраған болып табылады.

Біріншіден,  бұл қате есептеудің салдары. Қорға аударым жасалғанда жалақы көлемі әдейі төмендетіледі, яғни жұмысшылардың мүддесі бұзылады. Мәселе елдегі жалақының шынайы көрсеткіші ресми статистикадағы мәліметпен сәйкес келмеуінен де туындауы мүмкін.

Екіншіден, қазіргі жағдай жұмыстан айырылуға қатысты сақтандыру жүйесі жұмыс істемейтінін білдіреді. Жаңа жұмыс орнын іздеу кезеңінде орташа төлем көлемі күнкөріске жетпейді. Ресми норма бойынша күнкөріс шегі 29668 теңгені құрайды, яғни бұл әлеуметтік төлемнен 1,4 есе көп. Отбасын асырап отырған адам табысынан айырылған жағдайда не болмақ?

 Кейбір аймақтарда мәселе ушығып тұр. Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында төлемнің орташа мөлшері 15 мың теңгені, яғни күнкөріс шегінің жартысын құрайды.  Өтемақы символдық мәнге ие болса, әлеуметтік сақтандырудың қандай қажеттілігі бар?

 Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының саны 5,6 миллион адамнан асты. Қорға 119 миллиард теңге түсті. Инвестициялық активтердің жалпы көлемі жарты триллион теңгеден асты. Бұл капиталды жұмыс берушілер мен жұмысшылар құрап отыр.  «Халық коммунистері» фракциясы бұл дұрыс емес деп санайды.

Жұмысынан айырылғандарға төленетін төлем кем дегенде күнкөріс деңгейінің  ең төменгі көрсеткішінен артық болуы керек. Бұған қоса жұмыстан айырылудан  сақтандырудың толыққанды  жүйесін құру мәселесіне көшу қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар 2018 жылдың соңында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры активінен 120 миллиард теңге «Қазагро» холдингінің облигацияларына инвестицияланған. Неліктен мұндай шешім қабылданды, қазіргі таңда бұл құнды қағаздарға салынған инвестицияның соммасы қандай, шығынға жұмыс істеп жатқан холдингтен қаражатты қайтарып алу  кепілдігі бар ма?

Сізден сауалды қарастырып, қабылданған шаралар жөнінде заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

25.09.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.