Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 15:09

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Коммунистер Президенттің зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсау бастамасын іске асыру мәселесіне назар аудартады. Бұл бастаманы қоғам жақсы қабылдады.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, қазіргі таңда біздің азаматтардың басым бөлігінің   жинақтары 1 миллион теңгені құрайды. Баспанаға зейнетақы жинағының тек бір бөлігін, яғни миллион аз сомманы салуға болады. Нәтижесінде шыққан сомма баспана мәселесін шешуге көмектеспейтіні айдан анық.

Тапсырманы іске асыру барысында жинақтың шектік  соммасы белгіленетін  болса, салымшылардың басым бөлігі бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды. Зейнетақы жинақтары мен баспана – әлеуметтік әл-ауқат пен тұрақтылықтың негізгі құрамы. Зейнетақы есеп-шоты сияқты жылжымайтын мүлікті қаржылық кепілдеме ретінде қарастыру қажет.

Баспана алу үшін зейнетақы жинағын пайдалану – барлық елдерді толғандырып отырған мәселе, соның ішінде қалыптасқан зейнетақы жүйесі мен жылжымайтын мүлік нарығы, халқының жоғары табысы бар дамыған мемлекеттерді.

Зейнетақы активтері мен өзге қорларды басқару тәжірибесіне сүйенсек, жарқын үлгі ретінде Сингапурды алуға болады. Бұл қала-мемлекетте  тұрғын-үй жинақ, медициналық сақтандыру, білім беру мен зейнетақы жинақтары жүйесі біріктірілген. Барлығын Орталық сақтау қоры басқарады және халықтың негізгі әлеуметтік мұтаждықтарына жауап береді.

 Әрбір жұмысшыда жұмыс берушіден аударымдар түсетін 3 есеп-шот бар: ортақ, арнайы және медициналық жинақтаушы. Аударымдардың негізгі бөлігі ортақ есеп-шотқа түседі, бұл қаражатты баспана алуға, білім беру шығынын өтеуге жұмсауға болады.  

55 жастан кейін зейнетақы төлемдері үшін қосымша есеп-шот ашылады. Оған ортақ және арнайы шоттан қаражат аударылады. Олардың жалпы көлемі міндетті минималды шектен төмен болмауы тиіс. Мемлекет қаржылық жоспарлау функциясын өз жауапкершілігіне алған. Қазіргі кезде сингапурлықтардың 80 пайызы осы ұйымның салған пәтерлерінде тұрады.

Қазақстанға оралайық. Ұлттық валютаның әлсіздігін ескере отырып, бізге халыққа әлеуметтік қамтамасыз етудің интеграциялық жүйесін ұсыну қажет. Бізде басқа елдердегі сияқты барлық компоненттер бар: тұрғын-үй жинақтау жүйесі, білім беру депозиттері, міндетті медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйесі, медициналық сақтандыру. Бірақ бұлар жеке-жеке өнімсіз жұмыс істейді. Ал бонустар төлеу мен зейнетақы жинақтарын сәтсіз орналастыру бойынша соңғы мәліметтер қоғамдағы жағдайды ушықтырып отыр. Қазіргі таңда республикада лайықты өмір сүрудің әлеуметтік кепілдігінің  бірыңғай және тиімді тәсілі қалыптаспаған.

Отандық зейнетақы жүйесіндегі салымдардың орташа көлемі бұл -   «ауруханадағы орташа температура» сияқты, яғни шынайы көріністі қалыптастырмайды. Шын мәнісінде екі полярлық сегмент бар. Бір жағынан, жинақтары орташа көрсеткіштен бірнеше есеге артық салымшылардың шағын ортасы. Екінші жағынан, жинақтары  миллионнан аспайтын салымшылардың басым бөлігі. Бұлар қолданыстағы зейнетақы жүйесі моделіне сенім білдірмейді. Жинақты баспана алу мүмкіндігіне пайдалануға екі жақ та қызығушылық танытып отыр. Біреуі болашаққа бағдар жасайды, енді біреуі осы күнін ойлайды. Бірінші топ үшін активтерді құнсызданудан сақтап қалу маңызды. Екінші топ үшін басқа қаражат көзі жоқ. Сондықтан зейнетақы қаражатын баспанаға инвестициялау үшін пайдалану өзекті болып тұр. Статистикаға сүйенетін болсақ (қазіргі таңда жинақтың орташа соммасы 1 миллион теңгені құрайды), жеке салымшылардың жинақтары мәселені шешпейді. Ал БЖЗҚ активінің жалпы көлемі 10,3 триллион теңгеден асқан және күн сайын өсіп келеді. Сондықтан шоғырландырылған шешім іздеу қисынды, яғни  құрылысқа орталықтандырылған инвестиция салу арқылы.

Бұған құрылыс барысында қаржылық ашықтық пен сыбайлас-жемқорлық схемаларына жол бермеу арқылы қол жеткізуге болады.

«Халық коммунистері» фракциясы сингапурлық тәжірибені талдап, біздің жағдайға бейімделген бірыңғай қор құруға шақырады. Бұл әкімшілік шығынды қысқартып, инвестициялық қауіп-қатерді төмендетіп, көптеген қазақстандықтардың баспаналы болу, лайықты білім мен зейнетақы алу  арманын орындауға мүмкіндік береді.

Депутаттық сауалды қарастырып, қабылданған шара туралы жауапты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жазбаша беруіңізді сұраймыз. 

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:

А. Қоңыров

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

16 қазан 2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.