Бейсенбі, 17 Қазан 2019 09:17

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Б.Б. Атамқұловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы!

Күнделікті өмірімізде әрекет басым болуға тиіс. Ал біз сөз таластыру мен әуре-сарсаңға жиі жол береміз. Мұны елдегі жеделсаты шаруашылығынан көруге болады. 

2017 жылы Ш.Хахазов бастаған тоғыз депутат осы мәселені көтерген болатын. Биылғы наурызда В.Олейник бастаған 12 депутат тағы қозғады.  Мәжіліс төрағасы Н.З. Нығматулин  сол сауал оқылғанда елдегі жеделсаты өндірісін жолға қоюды ұсынған еді. Қыркүйектің ортасында «Казахстанская правда» газеті  Н.Испанованың мақаласын жариялады. Онда қазақстандықтардың өміріне жеделсатылардан қандай қауіп төніп тұрғаны туралы көлемді ақпарат берілді. Жеделсаты ақауынан зардап шегушілердің саны күн сайын көбейіп жатқаны айтылды.

Үкімет пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауаптарын оқысаңыз, жеделсаты шаруашылығына нақты кімнің жауап беретінін түсіну қиын. Салада нақты әрекеттің орнына ауызбен орақ ору басым. Жарық көрген құжаттардың да қауқары шамалы. Шатқаяқтаған шаруашылықты қалпына келтіретіндей пәрмені жоқ. Осыдан-ақ құзырлы тұлғалар қаншалықты қолынан іс келмейтін, әрекетсіз екенін көруге болады. Бұл туралы депутаттарға жеделсаты мамандарының қауымдастығы жазып отыр. Олар шаруашылықтың жағдайын бақылауға алып,  қадағалау, жинақтау, пайдалану қызметтерін бір-бірімен тонның ішкі бауындай астасқан ұйымдардың қарамағынан нақты жүйеге шығаруды сұрайды. Жергілікті атқарушы орган мойындаған бірыңғай ұлттық стандарт  түзілгенін қалайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде  Үкіметке:

- қалаларда жеделсаты құрылғыларын жинақтап, пайдалану бойынша мінсіз жұмыс істейтін ұйымдар құруды ұсынамыз. Бұл жерде жеделсатыға қызмет көрсететін ұйымның басқа бір қалада орналасуына жол бермеу керек. Мұндайда бір жағынан қызмет құны қымбатқа түссе, екінші жағынан ақауды жою жұмыстары кешігіп атқарылады. 

- Жеделсаты шаруашылығына жауапты жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру бойынша дереу шаралар қабылдау қажет. 

- Отандық жеделсаты өндірісін жолға қойып, ескірген, істен шыққан құрылғылар орнына қазір жұмысы тоқтап тұрған үш бірдей отандық зауыттың өнімін алмастыру қажет.

- Жергілікті орган жаңа жеделсатыны орнатуға кеткен шығынды  толығымен қайтаратындай тетіктер жолға қойылсын.

- Жеделсаты жұмысының ақаулары үшін сұрау қатаң болуға тиіс.

Бұл сауалды Қазақстан Республикасының «ҚР Парламенті  және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 4-бөлігі бойынша қарап, заңда бекітілген мерзімде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ауызша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

В. Косарев

Ж.Ахметбеков 

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

16.10.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.