Бейсенбі, 17 Қазан 2019 09:29

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының халықаралық нормаларында және экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде тұрғын үй құқығы алаңсыз өмір сүру құқығының ажырамас бөлігі ретінде танылған.

Мұндай құқықтың сақталуы негізгі халықаралық шарттарды, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пактіні ратификациялаған біздің елге де қатысты.

Тұрғын үй құқығы баспанасыздықтың алдын алу, мәжбүрлеп қоныс аударуға тыйым салу, кемсітумен күресу, неғұрлым осал және маргиналданған топтарға ерекше назар аудару, барлығына өмір сүрудің кепілдігін қамтамасыз ету және әркімнің үйлі болуына кепілдік беру үшін қажетті шараларды көздейді. Бұл шаралар Үкімет тарапынан әртүрлі: заңнамалық, әкімшілік, стратегиялық немесе бюджеттік деңгейде орындалуды талап етеді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысушы ел ретіндегі міндеттемелеріне сәйкес, ел Үкіметі бірінші кезекте, тізбесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйге ие болу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.  Олар:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген

адамдар;

3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

4) Мүгедек баласы бар немесе бала асырап алған отбасылар;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған

кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнетке шыққандар;

7) Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз

жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8) қандастар;

9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

11) көпбалалы отбасылар;

12) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау

кезінде, ғарышқа дайындалу немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

13) толық емес отбасылар.

Жеткілікті тұрғын үй құқығының меншікті иелену құқығына қарағанда ауқымы кең. Өйткені ол иелік етуге байланысты емес құқықтарды қамтиды.

Осының бәрін ескере отырып, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы Қазақстан Республикасының Үкіметі таяу мерзімде жеткілікті тұрғын үй құқығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет деп есептейді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелері бойынша төмендегіні ұсынады:

1) ұлттық заңнамаға баспанасыздықтың алдын алу, мәжбүрлеп қоныс

аударуға тыйым салу, кемсітуді болдырмау, халықтың барлық әлеуметтік жағынан осал санаттарына өмір сүрудің кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық нормаларды имплементациялау, сондай-ақ әркімнің тұрғын үйі жеткілікті болуына кепілдік беру;

2) қауқарсыз қарыз алушыларды әсіресе кәмелетке толмаған балалары,

егде жастағы туыстары, мүгедек мүшесі бар отбасыларды жалғыз баспанасынан айырмау;

3) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде

Қазақстан Республикасы халқының барлық әлеуметтік жағынан осал санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде жауап беруіңізді

сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері»

фракциясының депуттары:

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

16.10.2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.