Бейсенбі, 31 Қазан 2019 09:25

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 65 жастан асқан адамдардың үлесі тез өсіп келеді.

Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтындағы деректерге сүйенсек, осы жылдың басында елімізде 2 миллионнан астам қарт адам өмір сүрген. Ал қазақстандық сарапшылардың болжамынша, олардың үлесі 2030 жылға қарай 11,5 пайызға дейін көбейеді.

Мұндай тенденция әлеуметтік және заңдық тұрғыдан мемлекет пен қоғамнан жедел әрекет етуді талап етеді. Зейнетақыны үнемі көтеруден бөлек, ҚКХП зейнеткерлік жастағы адамдарға берілетін жеңілдіктерді кеңейтуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынады.

Мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, егде жастағы адамның негізгі құқықтарын, жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуын белгілейтін бірыңғай нормативтік құқықтық құжат жоқ. Сол себепті өңірлерде олардың құқықтарын қорғауға қатысты әртүрлі көзқарас қалыптасып отыр.

Қарт адамдарға санаторий-курорттық емдеу, дәрі-дәрмек және басқа да жеңілдік беру нысандары әртүрлі.

Мәселен, Қазақстанның бірқатар аймақтарында қоғамдық көліктерде жүру үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Нұр-Сұлтан қаласында жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандарға тегін жүру құқығы берілген. Ал Қызылордада 70 жастан асқан зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Сол сияқты өңірлерде санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету реттелмеген.

Осыған байланысты егде жастағы адамдардың еліміздің аймақтарындағы, сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлердегі бірдей қызметтерге ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.

Егде жастағы адамдарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған.

Әдетте жылдың басында уақтылы қаржыландырылмағандықтан, дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Сонымен қатар көбінесе жеңілдетілген дәрі-дәрмектер арзан. Сондықтан ол мұқтаждардың бәріне бірдей жете бермейді.

Осы орайда азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары дәрі-дәрмектерді төмен бағамен сатып алатын әлеуметтік дәріханаларды дамыту мәселесін қарастыру ұсынылады.

Өзіңіз жақсы білетіндей, жеке тұлғалардың жекелеген санаттары (мүлік, көлік, жер салығы) салықтардан босатылған. Тек бір жағдайда ғана жер салығын сондай-ақ, ішінара мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың қатарына, жалғыз тұратын зейнеткерлер жатқызылған.

Осыған байланысты, егде адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары ретінде салық заңнамасына түзетулер енгізілуі керек. Атап айтқанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлерге, яғни зейнеткер-қарт адамдарға көлік құралдарына және мүлікке салық төлеуден босатылуы қажет.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтары барын белгілеп берген. Бұл нормалар көптеген заңнамалық актілерде (Азаматтық кодекс, Жер кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс) кездеседі

Заңнаманың шашыраңқылығы егде жастағы адамдарды жеткілікті түрде қорғамайды және оларға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейді. Қарт адамдар үшін бірыңғай нақты құқықтар жиынтығының болмауынан, олар өз құқықтары мен артықшылықтары, белгілі бір норманы қолдану туралы білмеуі мүмкін. Бұл аталған санаттағы адамдардың ақпараттардан хабарсыздығына алып келеді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Халық коммунистері» фракциясы зейнеткерлік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және медициналық көмек, әлеуметтік қызметтер, мәдени іс-шараларға қолжетімділікті қоса алғанда, олардың құқықтарын біртұтас жүйелі нормативтік құқықтық акті арқылы реттейтін және біріктіретін егде адамдардың құқықтарын қорғау туралы заңды әзірлеу мәселесіне қайта оралуды ұсынады. Онда мыналар қамтылуы керек:

– бүкіл республика бойынша қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктерін сәйкестендіру, сондай-ақ теміржол және әуе көлігімен жүруге жеңілдіктер енгізу;

– дәрі жетіспеушілігі мәселесін шешу және қарт адамдарға рецепт бойынша тегін (жеңілдікті) дәрі-дәрмектерді үйге әкеліп беру мүмкіндігін қарастыру;

– санаторий-курорттық емдеуді жақсарту;

– жеке өмір сүретін зейнеткерлерді мүлікке және көлік құралдарына салық төлеуден босату, сондай-ақ 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлерді табыс салығын төлеуден босату;

– әр аудан орталығында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құр және оларға зейнеткерлерге тегін бару мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ , жастар мен қарттар үшін коворкингтер құру;

– мақсатты қаржыландырумен «Белсенді ұзақ өмір сүру» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, оның аясында жоғарыда аталған барлық құқықтар мен артықшылықтарды қарастыру.

Егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін гериатрлар мен геронтологтар тиісті тренингтер өткізуі керек. Геронтология мен гериатрияны ғылым мен медицинаның бөлімдері ретінде дамыту, геронтологиялық қызметтің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, жоғары білікті кадрларды даярлау, медициналық-әлеуметтік қызметтердің көлемі мен деңгейін арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Халық коммунистері ұсынылған шаралар қарт адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді деген сенімде.

Сізден қабылданатын шаралар туралы заңда белгіленген мерзімге сәйкес, жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары: Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

30.10. 2019 жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.