Сәрсенбі, 06 Қараша 2019 15:27

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Коммунистер «QazAvtoJol» Ұлттық компаниясы» АҚ (одан әрі – Компания) тарапынан көлік жүргізушілерінің заңды мүдделері мен құқықтарының сақталу мәселесін көтеріп отыр.

Компания «Нұр-Сұлтан» – Щучинск» автожолының ақылы учаскесінде төлем жинаумен айналысады. Ағымдағы жылы тағы үш жол учаскесі ақылы жолдардың қатарына қосылды. Олар: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» учаскелері. «Щучинск – Көкшетау – Петропавл» бағытына да төлем жүйесін енгізу жоспарлануда.

«Автокөлік иелеріне көмек көрсету қоғамы» қоғамдық бірлестігі (орысшасы – ОО «Общество Содействия Автомобилистам», одан әрі – «ОСА» ҚБ) өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы автокөлік иелері әу баста-ақ аталған жаңашылдықты ыждаһаттылықпен, сақтықпен қабылдаған. Өйткені олар Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының басшыларына алданып қалғандай күй кешіп жүр. Ақылы жолдардың ұзындығын арттыру жөніндегі ақпараттық науқан кезінде мемлекеттік органдар автокөлік иелерін  салыстырмалы түрде әркімнің қалтасы көтеретін төмен тарифпен қызықтырып, тартқан. Сондықтан жақсы жолмен жүру және оны күтіп ұстау ақысы 1 шақырым үшін 1 теңге болғандықтан, идеяны жұртшылық жақсы қабылдады. Бұл туралы БАҚ-та кең көлемде ақпарат таралды. Жолға төленетін ақы соңғы сәтке дейін жұмбақ болып келді. Ал оны жариялаған кезде тұрғындар теріс реакция білдірді. Қоғам өкілдерінің негізгі талабы төмендегідей.

Біріншіден, жеңіл автокөліктерге уәде етілген тариф негізсіз өсіп кеткен.

Екіншіден, төлемнің қолайсыз моделі көпшіліктің ренішін туғызды. Яғни қолма-қол ақшамен есеп айырысу көлемі электрондық қызметтерді қолданудан 2 есе қымбат. Осылайша электронды төлем жасауды білмейтін, ақпараттық қызметтерге тіркелмеген, интернетке қолы жете бермейтін автокөлік иелерінің құқығы шектеліп отыр.

Әсіресе жүк көліктері үшін шамадан тыс жоғары тарифтің бекітілуі  түсініспеушілік тудырып отыр.

Ақшаны қабылдау мен жұмсауға қатысты компания қызметіндегі ашықтықтың жоқтығы, автокөлік жүргізушілерінің шоттарынан ақша жинау процесінің жетілдірілмеген қызметі және бірқатар сыбайлас жемқорлық жанжалдары азаматтардың ұлттық компанияға деген сенімсіздігін күшейте түскендей. 

«ОСА» ҚБ жүргізген алдын-ала есептеу бойынша, ақылы басқарудан үстіміздегі жылдың 7 айында түскен шамамен 481 млн теңге сомасында табыс Компанияға жүк көліктерінің тарифін төмендетуге және жеңіл автокөліктерге жоғарыда аталған тарифті енгізуге мүмкіндік береді.

Ақылы жолдардың учаскелерін ұстап тұруға арналған шығындар мен кірістер тең болған жағдайда, Компания ағымдағы кезеңде ақылы жол учаскелерінде жүру үшін қаражат жинауды тоқтата тұруы керек және келесі кезеңде тарифті азайту шараларын бастауы қажет. Ол үшін Қазақстандағы ақылы жолдарды пайдалану және басқару саласында ашықтық құралдарын енгізу керек.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Халық коммунистері» фракциясы төмендегі талаптарды міндетті түрде орындау қажет деп санайды:

  1. Компания тариф қалыптастыруда ашықтық пен мөлдірлік технологияларын енгізу керек.
  2. Баламалы жолдардың жоқтығын ескеріп, ақылы жолдардағы жол ақысын жеңіл автокөліктер үшін 1 теңге – 1 шақырым формуласын қолдана отырып төмендету керек
  3. Қолма-қол ақшамен төлем жасау алдын-ала төлем жүйесінің тарифінен 2 есе жоғары болған кезде, сараланған тарифті алып тастау керек.
  4. Жүк көтеру мүмкіндігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін оның мөлшерін азайту мақсатында жолдың ақылы учаскелеріне тариф белгілеу әдіснамасына өзгеріс енгізу керек.

«Халық коммунистері» фракциясы бұл мәселелерді шешу жүк транзитінің жағдайын жақсартуға, туристік индустрияны қолдауға, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ компаниясына және тұтастай мемлекетке деген сенімді арттыруға көмектеседі деп есептейді.

Депутаттық сауалды қарастырып, ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қабылданатын шаралар туралы жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

А.Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2019 жылдың 06 қарашада жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.