Бейсенбі, 14 Қараша 2019 09:43

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкінің төрағасы

Е.А.Досаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

Коммунистер төмен көрсеткіштер көрсетіп отырған банк секторының қазіргі жағдайына назар аударуда. «Standard & Poor's» рейтингтік агенттігінің соңғы есебіне сәйкес, банк секторының сақтандыру тәуекелдерін бағалау - BICRA өткен жылы нашарлап, 10 баллдың 9-ын құрады. 10 балл ең жоғары тәуекелге сәйкес келеді. Әсіресе S&P бағалауынша, экономикадағы несие тәуекелі өте жоғары деңгейде екенін атап өткен жөн.

Ал Moody’s рейтингтік агенттігі Қазақстанда бөлшек несиелеу өте жоғары қарқынмен өсіп келе жатыр деп есептейді. Қарыздардың күрт өсуі қарыз алушылардың дефолт деңгейінің өсуіне әкелуі мүмкін. Мұның бәрі банк секторын қадағалаудың нашарлығын, банктердегі тәуекелдерді басқарудың әлсіздігін және қаржылық сауаттылықтың төмендігін көрсетеді.

Соңғы он жыл ішінде банк секторына жүйелі түрде көмек көрсетілетін болды және көмек көлемі 20 млрд долларға жетті. Тәуекелдерді сапалы талдау тұрғысынан банктерге үнемі көмек көрсету маңызды емес. Пайда табу мақсатында банктер қарыздарды өтей алатын клиенттер мен міндеттемелерді орындай алмайтын немесе орындаудан қашатын клиенттерді ажырата алмай келеді. Біз қадағалау тәсілдерін қайта қарап, банктердің тәуекелдерді талдауға деген ынтасын төмендететін элементтерді алып тастау қажет деп санаймыз. Мұндай алғышарттарға мерзімі өтіп кеткен берешегі бар адамдардың шетелге шығуына тыйым салу да кіреді. Банктер заем алушыларды таңдауда жіберген қателіктері үшін азаматтардың жүріс-тұрысын шектемеуі керек. Сонымен қатар дәрменсіз қарыз алушыларға несие беретін банктерге қойылатын талаптарды қатаңдату қажет. Банктерді «бетінен қақпай», олардың айтқандарын басшылыққа алатын реттеуші осы әрекеті арқылы қосымша қауіп-қатер туындатады. Ол әлеуметтік қана емес, сонымен бірге еліміздің тәуелсіз рейтингіне де нұқсан келтіреді. Реттеуші олардың көзқарастарын қайта қарап, қадағалау тұрғысынан қауіпті аймақтарды анықтауға тиіс.

Осыған орай «Халық коммунистері» фракциясы мыналарды ұсынады:

1) Мерзімі өтіп кеткен қарызы бар адамдардың шетелге шығуына тыйым салу практикасын алып тастау.

2) Тәуекелдерді сапалы талдау үшін банктерге кедергі келтіретін қадағалау бағыттарын анықтау.

3) Халықаралық тәжірибені зерделеу және ынтымақтастық жағдайында аудиторлар, консультанттар және банктер арасындағы мүдделер қақтығысының болдырмау бойынша ұсыныс енгізу.

4) Дәрменсіз адамдарға несие беруді жалғастыратын банктерге қойылатын талаптарды қатаңдату жөнінде ұсыныс енгізу.

Жауабыңызда Сізден заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасамай, нақты ұсыныс білдіруді қалаймыз.

Жауапты заңмен белгіленген мерзімге сәйкес жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары  

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

13.11.2019 ж. жарияланды 

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.