Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2019 10:58

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер  күшіне енетіні белгілі. Өзгертулерге сәйкес, кез-келген банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда алынған ипотекалық несиелер бойынша төленген аударымдар салықтық есепке жатқызылып, шегерім жасалатын болады. Яғни жеке тұлғалар мұндай шығыстарды жеке табыс салығына жатқызуға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта мұндай шегерім «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да алынған ипотекалық несиелер бойынша төленген сыйақылар үшін ғана қарастырылған.

Сонымен бірге ипотекалық несие шегерімі қарастырылған сыйақы мөлшеріне шектеу енгізіледі. Шектеу 118 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы керек. 2019 жылы шектеу шегі 297,9 мың теңгені немесе айына 24,8 мың теңгені құрайды.

Нақты жағдай көрсетіп отырғандай, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша елордадағы 1 бөлмелі пәтердің орташа нарықтық бағасы 9,1 миллион теңге (бір шаршы метрге 260 мың теңгеден және ауданы 35 ш.м.) деңгейінде қалыптасып отыр. Аталған несие бойынша сыйақы төлемдері 42 мың теңгеден асады. Осылайша қарыз алушы табыс салығынан 4,2 мың теңгенің орнына барлығы 2,5 мың теңге үнемдейді.

Бұл проблеманың екінші жағы бар. Ол бюджетте нақты белгіленген шығындардың түспеуі. 118 АЕК-тің шекті мөлшерін белгілеуге болатын түсіндірменің бірі бюджет шығындарын болдырмау болып табылады. Алайда үкімет бұл шекті көрсеткіштің мәні үшін таласқан жоқ.

Қалай десек те Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан ресми статистика жоқ. Онда мынадай ашық дүниелер айтылған болар еді: қанша қарыз алушы шегерімдер мен динамиканы жыл бойынша пайдаланады; динамикасын көрсете отырып, мұндай несиелер бойынша төленген сыйақы мөлшері қандай; шегеруге байланысты қазақстандықтар мемлекет есебінен қанша ақша үнемдей алады; бюджеттік шығындарды фискалдық шегерімдердің түрлері бойынша бөлу.

Егер мұндай статистика мүлдем жүргізілмесе, онда шектің қалай белгіленгені түсініксіз. Бұл сандарсыз, статистикалық мәліметтерсіз кез-келген шектеуші нормаларды белгілеу ел азаматтарының экономикалық бостандығын тарылтуға бағытталған қадам болып табылады.

Сонымен қатар нарықтық үрдістер бюджеттің шығынын азайтуды жақтайды. Егер ешқандай шектеу болмаса, бюджеттің шығыны эволюциялық түрде азаяды. «Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметінше, 2019 жылдың басында елде 247,7 мың ипотекалық келісім-шарт болған. Ал мұндай несиелер портфелі 1,4 трлн теңгені құрады. Ұлттық банктің дерегінше, 2019 жылдың басында ипотекалық несие портфелі 1,3 трлн теңгені құраған (оның ішінде 1,25 трлн теңгемен көрсетілген және ұзақмерзімді сипатқа ие). Есептеулер ипотекалық несиенің орташа мөлшері 5,25 млн теңгеден 5,65 млн теңгеге дейін құбылатынын және егер ретроспективті талдау жасасақ, төмендеу үрдісі бар екенін көрсетеді. Яғни тұрғын үй заемының орташа мөлшері жылдан жылға тұрақты түрде төмендеп келеді, оның ішінде әлеуметтік сатып алу бағдарламалары, сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша да. Тиісінше ипотекалық несиелер бойынша салық шегерімі арқылы төлемдердің мөлшері эволюциялық түрде азайуы мүмкін. Осыған байланысты Салық кодексіне мұндай шектеулерді енгізудің қажеті жоқ деп санаймыз.

Осылайша қалыптасқан жағдайдан ипотекалық төлемдер бойынша сыйақылардың шекті мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдағаннан көруге болады:

- бюджеттің ықтимал шығындары тұрғысынан негізделмеген;

- ЖТС-нан түсетін кірістердің динамикасына шамалы әсер етеді, бұл өңірлердің бюджетіне айтарлықтай шығын әкелмейді;

- шамамен 1 млн адамның нақты кірісіне кері әсер етеді. 

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Халық коммунистері» фракциясы мынадай ұсыныстарды алға тартады:

- қазіргі жағдайды бағалау үшін соңғы 5 жылдағы ел азаматтарының салықтық шегерімдерді қолдану тәжірибесі туралы толық мәлімет беру;

- бағалаудан кейін нәтижелерді жария ету, барлық мүдделі тараптардың құқықтарын ескере отырып ұсыныс қабылдау;

- ипотекалық қарыз алушылардың кең ауқымына мүліктік залал келтірмейтін осы салық шегерімінің шекті мәнін (шығындардың көп бөлігі, ең алдымен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қарыз алушыларына әсер етеді) елдегі барлық салық шегерімдерін қолдану тәжірибесінде алынған мәліметтерге және байқалған тенденцияларға сүйене отырып арттыру;

- нақты мәні бойынша шешім қабылданғанға дейін 118 АЕК-тің шекті мөлшерін белгілеуге қатысты Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді тоқтата тұру керек.

Коммунистер бұл мәселені шешу өмірі мен болашағын Қазақстанмен және оның дамуымен байланыстыратын халықтың басым бөлігінің мүліктік мүдделеріне әсер етеді деп санайды.

Сізден қабылданатын шаралар туралы заңда белгіленген мерзімге сәйкес, жазбаша жауап беруді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

4 желтоқсан 2019 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.