Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019 10:37

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Елбасы – Тұңғыш Президенттің мектептегі білім беру жүйесіне мұқият қарайтыны белгілі.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің бірінші бағыты ретінде білім беру сапасын жоғарылатуды белгіледі.

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері білім беру деңгейі индикаторларының бірі болып табылады.

2019 жылдың желтоқсанында 15 жастағы студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық PISA-мониторингтік бағдарламасының зерделеу нәтижесімен таныстық. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізеді. Қатысушылардың қазіргі қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті білімі мен дағдылары бар ма деген сұраққа жауап іздейді. Яғни зерттеу адам қызметінің, қарым-қатынастың, әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған.

Төрт параметр зерттелді: оқу сауаттылығы, математика, ғылым, компьютерлік сауаттылық. Біздің ел 77 елдің ішінде 69- орынды иеленді. Ең жоғары көрсеткішті Қытай, Сингапур, Эстония, Канада, Финляндия мемлекеттері иеленді.

Нәтижелері қазақстандық қатысушылардан төмен елдердің тізімі мынадай: Грузия, Панама, Индонезия, Марокко, Ливан, Косово, Доминикан Республикасы, Филиппин.

Рейтингте бізден әлдеқайда жоғары, яғни 20-30 позицияда орналасқан Қазақстанға жақын елдердің арасында Эстония, Ресей, Литва, Латвия, Беларусь, Украина, Молдова бар.

Сонымен қатар, 39 елдегі 16-65 жас аралығындағы адамдардың дағдыларын зерттейтін PIAAC халықаралық мониторингінің нәтижелері қолға тиді. Бұл зерттеу оқу, математикалық сауаттылық және жоғары технологиялық ортадағы есептерді шешу бойынша жүргізіледі.

Оқу сауаттылығы бойынша Қазақстан 39 елдің ішінде 34-ші орынға ие. 55-65 жас аралығындағы топтар 16-24 жас аралығындағы топтарға қарағанда жақсы нәтиже көрсетуде. Яғни, аға буын жастарға қарағанда әлдеқайда жақсы дайындалған және ұзақ жылдар бойы алған дағдыларын сақтап келеді деген сөз. 25-34 және 55-65 жастағы адамдардағы жоғары технологиялық ортадағы мәселелерді шешу дағдыларының көрсеткіштері бірдей қалыптасқан. ЖАлпы, ЭЫДҰ жастары аға буынға қарағанда анағұрлым жақсы нәтижелер көрсетуде.

Цифрлық сауаттылық бойынша қазақстандықтар 35 орынға жайғасқан. Бізден кейінгі орындар Мексика, Түркия, Перу және Эквадор мемлекеттеріне бұйырыпты.

Негізгі, жалпы орта және жоғары білімі бар азаматтардың оқу сауаттылығы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Демек, орта буын, яғни 10–11 сыныптар, орта арнаулы және жоғары білімі барлар жоғары біліктілікке анау айтқандай үлес қоса алмайды деген сөз. Бұл ретте, 9 жылдық білім дағдыларын қалыптастыруда ең нәтижелі болып саналады.

Осылайша, халықаралық зерттеулердің нәтижелері қоғамның біздің елдегі білім сапасының төмендігі туралы пікірін растады. PISA зерттеуінің 2012 және 2018 жылдардағы нәтижелері бірдей. Яғни, көрсетілген мерзім ішінде білім сапасы еш жоғарыламаған. Бұл аралықта, яғни 10 жылдан астам уақыт дересінде студенттер жаңа оқулықтарды, жаңа бағдарламаларды оқыды. Мұғалімдер білім берудің жаңа тәсілдері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соның өзінде нәтиже еш өзгермеген.

Дарынды балаларға арналған мектептердің жалпы жағдайы да нәтижені өзгерте алмады.

PIAAC қорытындылары PISA зерттеуінің нәтижелерін растады. Сондай-ақ, мектептер мен елдегі цифрландырудың шынайылығы, жаңа технологияларды қолданудың оқыту сапасына қатысты мәселелердің барын анықтап берді. Жалпы, 16-34 жастағы буын неліктен 55-65 жастағы азаматтарға қарағанда нашар нәтиже көрсетуде?

ҚР Білім және ғылым министрлігі осы сауал төңірегінде ойлануы керек деп есептейміз.

Эстонияда мұғалімдерге балаларды оқытуда кәсіби тәуелсіздік берілген. Эстония мектептеріндегі жетістіктің маңызды бөлігі – мұғалімдер деңгейінің жоғарылығы. 

Сонымен қатар, жалақының жоғарылығы мектепке қажетті ең жақсы түлектерді, жас энтузиастарды іріктеуге және сақтап қалуға көмектеседі. Бұл жаңа бастаған мұғалім үшін жетекші елдердегі орташа деңгейден, яғни 1500 еуродан жоғары.

Бұдан бөлек, Эстонияда кішкентай ауылдық мектептердің өзіндегі үйірмелердің көптігі таң қалдырмай қоймайды.

Осыған орай «Халық коммунистері» төмендегідей ұсыныстарды ұсынып отыр:

  1. Қаржы министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне:

Білім сапасы мұғалімнің дайындығы мен біліктілігіне, оның жоғары деңгейіне тікелей байланысты екенін ескере отырып, мұғалімнің жалақысын анықтайтын тәсілдерді қайта қарастырып, оның жаңа бастаған мұғалім үшін орташа республикалық деңгейден кем болмауын қамтамасыз ету қажет.

Еңбекақының жоғарылауы туралы хабарлаған кезде цифрлармен шатастыруды доғару керек. Мәселен, жалақы барлық қосымшаларымен көтерілсе де, өзге салаларға қарағанда төмен болып қалды. Сынып жетекшісіне төленетін төлем екі есе өсті. Осылайша, ол 8000 теңгеге тең болды. Ал шегерімдерден кейінгі жалпы сомасы небары 6000 теңгеге тең.

  1. PISA нәтижелері көрсеткендей, бір студенттің шығыны көбейген сайын білім сапасы да соғұрлым жоғарылайды. Сингапурде, Жапонияда, Финляндияда бір студенттің мемлекеттік шығындары 10-14 мың долларды құрайды. Қазақстанда бір адамды қаржыландыру көлемі жылына 230 мың теңгені құрайды.

PISA зерттеуіне жеке аймақ ретінде қатысқан Мәскеу әлем бойынша 3-орынды иеленді. Мәскеудегі бір студентті қаржыландыру жылына 160 мың рубльді құрайды. Бұл 1 миллион теңгеге тең.

  1. Еліміздегі білім беру тәсілдерін өзгерту мақсатында халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне талдау жасау керек.
  2. Цифрлық технологияларды өмірде қолдану қажеттілігін түсіне отырып, мектептердегі Интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  3. Қалалардағы, ауылдардағы балаларды сапалы білім алу қолжетімділігімен қамтамасыз ету керек. Өйткені қазір бұл айырмашылық 20%-ды құрайды.

Заңда белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

И.Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

11.12.2019 ж. жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.