Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 12:47

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Ел экономикасының дамуына, халықтың әл-ауқатына көбірек көңіл бөлінумен қатар, бір кездері еліміздің экономикалық қуаттын қалыптастырған өткен жылдардағы еңбеккерлерге де назар аударатын кез келді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 60 Социалистік Еңбек Ері тұрады. Олардың қатарында миллиондаған адамға үлгі-өнеге болған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары Вера Васильевна Сидорова, еліміздің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері Исмағамбетов Сүйіндік Маненұлы, Есенжолова Сағила Абдрахманқызы және басқа да атақты адамдар бар. Бір кездері бұл адамдар мемлекет қамқорлығына алынған. Қазір олардың барлығы құрметті демалысқа шықты. Олар 9,6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Қазіргі уақытта бұл 24 мың теңгеге тең.

Посткеңестік кеңістіктегі басқа елдерде тұратын қазақстандық батырларымыз «Социалистік Еңбек Ері» атағы үшін едәуір сыйақы алады. Мәселен, теңгеге шақсақ, Ресейде 750 мың, Украинада 650-700 мың беріледі.

«Халық коммунистері» фракциясы зейнеткерлердің аталған санаты үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қазіргі мөлшерден кемінде 10 есе арттыру туралы мәселені қарастыруды сұрайды. Мұндай мемлекеттік қолдау еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің тағы бір қадамы болар еді. Сонымен қатар, мұндай құрметті адамдарды қоғамдық кеңестердің жұмысына, жастарды даярлау жөніндегі комиссияларға тарту қажет деп санаймыз.

Сізден заңда белгіленген мерзім ішінде қарастырылған шаралар туралы жазбаша жауап беруді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

 

Қолдаған депутаттар: И. Аронова

К. Ержан

Қ. Жақыпов

С. Имашева

П. Казанцев

В. Қайназаров

С. Қаныбеков

Ф. Қаратаев

Е. Козлов

А. Мурадов

К. Мусин

М. Пшембаев

С. Сейдуманов

С. Симонов

А. Тасболатов

М. Теміржанов

Ю. Тимощенко

Г. Шиповских

25.12.2019 ж. жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.