Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2020 13:04

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі    

М.Б. Бекетаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Марат Бақытжанұлы!

Бұл сауалды коммунистік партия депутаттары елдегі сот-сараптамалық қызметтің төңірегіндегі түйткілді проблемаларға назар аударту үшін жолдап отыр. Жалақының аздығы, қандай да бір әлеуметтік пакеттің болмауы бұл қызметті жас мамандарға тартымсыз етіп көрсетеді. Салдарынан жас мамандар жұмысқа тұрақтамайды.  

Сот-сараптамалық қызмет мамандарымен бірге санитарлық және техникалық персоналдың да еңбекақысын көтеру мәселесін қарауыңызды сұраймыз. Күрделі материалмен, улы заттармен, АИТВ-ге шалдыққан адамдармен жұмыс істегені және психологиялық-эмоциялық жүктеме үшін қосымша өтем енгізу қажет деп санаймыз.

Қызметкерлердің еңбек жағдайына, атап айтсақ, ғимарат пен жұмыс орнының тарлығы, техникалық құрылғылардың тозуы сияқты мәселелерге назар аудару қажет.

Сот-сараптама қызметінің мамандарын даярлау ісі тиянақты тәсілдерді қажет етеді. Құжатты жүргізудің ескі талаптарын қайта қарап, есептік құжаттардың жүгін азайтқан жөн. Е-сараптама жүйесін енгізу арқылы саланы цифрландыру, барлық ақпаратты бірыңғай серверде ұстау талабы туындап отыр. 

Осыларды ескере отырып, сізден депутаттық сауалымызға заңнамада көрсетілген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова      

Т. Сыздықов

22.01.2020 жылы жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.