Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020 12:43

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстанда минералды ресурстарды зерттеу және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, минералды ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан зерттеу және Қазақстанның минералды-шикізат базасын молықтыру үшін жағдай жасауға жауапты құзыретті орган – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі пайда болды. Әрине, осы уақытқа дейін Геология комитеті минералды ресурстарды зерттейтін уәкілетті орган болды. Алайда, ол әкімшілік құрамына сәйкес осы уақыт ішінде бірнеше министрлікке қарап келді. Оның салдары да аз болмады.

Геологиялық сала мемлекеттік басқару органдарының, әртүрлі меншік нысандарындағы өндірістік және ғылыми ұйымдардың жиынтығы ретінде бірыңғай құқықтық салада жұмыс істей алмай қалды. Сондықтан, министрлік іс жүзінде минералды шикізаттың әлемдік нарығында өз экономикасы бар, сұранысқа ие жаңа пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен ашуға уәде беріп қана қоймай, геологиялық карталар, жер қойнауы учаскелерінің үлгілері түрінде нәтиже бере алатын, үйлесімді жұмыс істейтін интеграцияланған геологиялық саланы қайта құруға мәжбүр. Мұның бәрі елдің инфрақұрылымын дамыту үшін қажет. Оның үстіне, геологиялық ақпараттың заманауи талаптарға сәйкестігі тұрғысынан Қазақстан әлемдік геологиялық қауымдастықтан айтарлықтай артта қалып, 122 юрисдикцияның ішінен 116-орынға жайғасты. Сол себепті біздегі үйлер құлап, жолдар үнемі қайта салынып жатады. Табиғи және техногендік сипаттағы табиғи апаттар ғасырында пайдалы қазбаларды орналастыруды реттейтін табиғи заңды білмей, сапалы инфрақұрылымды жоспарлауды ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай жағдайда өмір сүру де қауіпті. Осынау барлық ақпарат Мемлекеттік Жер қойнауы қорында шоғырланып, көрсетілуі керек. Салалық министрлік – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай мақсатпен құрылған болатын. Алайда, бүгінгі көптеген шенеуніктің шектеулі құзіреттілігі және олардың мемлекеттік мүдделерден басымдығы, жер қойнауы мемлекеттік қорын ұтымды басқару, Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілгендей, кабинетте отырып басқарудың үстірт дағдыларын емес, кәсіби геологиялық білім, дағдылар мен тәжірибені пайдалану арқылы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік бермейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Сізден геологиялық саланың мамандары жүйелі негізде ресурстар мен жер қойнауының динамикасы туралы үнемі жаңартып отыратын Жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымына тапсыруды қарастыруды сұраймыз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, заңда белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

Г. Баймаханова

Ж. Ахметбеков

М. Магеррамов

И. Смирнова

А. Қоңыров

В. Косарев

Т. Сыздықов

2020 жылғы 22 қаңтарда жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.