Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 10:07

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

бірінші орынбасары –

Қаржы министрі

Ә.А.Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асқанұлы!

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттарына «Финикс-Столичный» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (бұдан әрі - ТҮҚК) бір топ азаматы жүгінді. Олар «Столичный-2» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты қайтаруды және бөлінген қаражаттың сақталуын ерекше бақылауға алуды, нысан құрылысы аяқталған соң жылжымайтын мүлікті талаптарды негізге алап отырып, құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана беруді сұрап отыр.

Ұсынылған құжаттарды зерделеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың кейбір белгілері анықталды. Олар мемлекеттің ізгі ниетін пайдаланып, адал сатып алушылар мен мемлекетке зиян келтіре отырып, жылжымайтын мүлікке қол жеткізуді көздеген.

Сонымен 2019 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты алаяқтық әрекеті үшін А.С.Байжұмановты 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол заңсыз жолмен немесе сенімге ие бола отырып, «Төленді» ТҮҚК-ның сан соғып қалған үлескерлерінің ақшасын иемденіп алған.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы (бұдан ары – ВАК) бойынша жоғарыда аталған «Төленді» ТҮҚК-ның зардап шеккен үлескерлері «Финикс-Столичный» ТҮҚК-ын құрды.

Мемлекет «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды ұйымдастыру үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлді.

Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттің әлеуметтік мәні бар мәселені реттеуге деген көзқарасы үлестік құрылыс проблемаларын шешудегі үлкен серпіліс болғаны анық. Алайда жекелеген мемлекеттік органдардың қызметі мен позицияларының белгісіздігі көңіл көншітпейтін қорытындыға әкеліп отыр.

Мәселен, ТҮҚК-ның адал ниетті мүшелерінен бөлек, кооперативтің мүдделеріне және оның құрылысты аяқтау мақсатына қарсы, әртүрлі билік органдарына жасанды, негізсіз шағымдар арқылы әлеуметтік шиеленісті тудыруға тырысатын пасық адамдар да төбе көрсетіп жүр. Сонымен қатар олар жалпы белгіленген заңды шарттар бойынша ТҮҚК-ның құрамына жатпайды. Бұл үшін олардың қолында жасалған келісімшарттың заңдық тұрғыдан дұрыстығын, үлесті төлеу және болашақ жылжымайтын мүлікті сатып алуды растайтын құжаттар болуы керек. Алайда олар күмәнді үлескерлердің қасақана нұсқауымен ТҮҚК-ның сот процестеріне араластырып отыр.

Олардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде сот 102 жарна туралы келісімі бар 78 адамды ТҮҚК мүшесі деп тану туралы екі шешім қабылдады.

Олардың ішінде адал ниетті мүшелер де, төлемді растайтын құжаттары жоқ адамдар да бар. Соңғыларының қолында «Столичный-2» тұрғын үй кешеніне қатысты құжаттары жоқ. Олар қаражат аудармай-ақ, салынып жатқан «Столичный-2» тұрғын үй кешенімен байланысы жоқ үшінші тараптармен өзара есеп айырысу арқылы үлестік қатысу туралы келісім алған.

Үлескерлердің пікірінше, бұл қатарға қолдарында бірнеше пәтердің құжаты бар және кенеттен ауқымды талап қойып отырған Бекенов Е.С., Дмитриева Л.К., Жұманалина Г.К., Аль-Авас Р.Ф., Жамбырбаева А.А., Орехова А.В., Мырзахметова С.Е., Мырзахметов С.Е., Мырзахметова А.К. секілді азаматтарды жатқызуға болады.

Сот шешімдері заңды күшіне енді. Дегенмен мұқият зерделеуді қажет ететін мәселелер сол күйі қалып отыр.

Мәселен, Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 22 шілдедегі шешімімен Аль-Авас Раед Фалах Хамед ТҮҚК мүшесі деп танылған. Сонымен қатар дәл сол соттың 2019 жылғы 29 тамыздағы шешімімен «Төленді» ТҮҚК мен Аль-Авас Раед Фалах Хамед арасында 2013 жылғы 12 шілдеде жасалған №10-В-26 келісім жарамсыз деп танылды.

Жоғарыда келтірілген фактілер күмәнді келісімшарттардың және ұйымдасқан қылмыстың белгілерінің бар екенін көрсетеді.

Дәл осындай жағдай «Аманат Комфорт» ТҮҚК (Магистральный-3 тұрғын үй кешені), «Алтын Бұлақ Даму» ТҮҚК («Алтын Бұлақ» тұрғын үй кешені), «ASI» ЖШС («Жағалау 4», «Шығыс» тұрғын үй кешендері) секілді басқа да проблемалық үлестік құрылыста пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ үлескерлердің алаңдаушылығы әділет органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жосықсыз орындау фактісін көрсетіп отырғандай.

Мәселен, сот шешімдеріне сәйкес ТҮҚК мүшесі болып танылған адамдар Нұр-Сұлтан қаласының әділет басқармасына кооперативтің мүшесі емес, керісінше құрылтайшысы ретінде тіркелген.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі қауіптің барын көрсетіп отыр. Сондықтан нысандардың рентабельділігі мен экономикалық тиімділігі жоғалып, мемлекеттік қаражатты пайдалануға қатысты күмән туындауы мүмкін. Өйткені, сот шешімдеріне сәйкес, кооперативтер бюджет қаражаты есебінен адал емес азаматтарға да орын ұсынуға міндетті. Ал бұл жағдай адал азаматтардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясы мемлекеттік және әділет органдарының әрекеттері мен шешімдеріне баға бермей, қазіргі жағдайды реттеп алу қажет деп санайды:

  1. Жоғарыда аталған фактілер бойынша тергеу жүргізу, адал азаматтар мен мемлекеттің шығынға батуын болдырмау туралы процессуалдық шешім қабылдау.
  2. Азаматтарды ТҮҚК-ға соттың және кооперативтің жалпы жиналысының шешімінсіз қосудың заңдылығын тексеру.

Депутаттық сауалды қарастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көрсетілген тәртіпке сәйкес жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының мүшелері:

Ж.Ахметбеков

Г.Баймаханова

В.Косарев

А.Қоңыров

М. Магеррамов

И.Смирнова

Т.Сыздықов

2020 жылғы 12 ақпанда жарияланды

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.