Жұма, 12 Сәуір 2019 17:00

Ақмолалық коммунистер Ғарышкерлер күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 12 сәуірінде Көкшетау қаласындағы "РИО" сауда-ойын-сауық орталығының қонақтары мен қызметкерлері Ғарышкерлер күніне арналған флешмоб-шоудың қатысушылары болды.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті  Жастар қанатының белсендісі Татьяна обкомның бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитовпен бірге қатысушыларға ҚКХП, ғарыш, ғылым мен ғарышты игеруде "Байқоңырдың" рөлі туралы қысқаша ақпарат берді.

Кейін барлық қатысушылар ғарыш туралы ән тыңдап, Гагариннің ғарышқа ұшуы туралы таныстырылымды тамашалады. Флешмоб көрермендері мен қатысушыларына "Коммунист Казахстана" журналы таратылды.

Бұдан соң Татьяна "Қазақстанның ғарышты игеруі" тақырыбында викторина өткізді. Белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара соңында комсомолдықтардан құралған шоу-топ "Вместе мы сила" би композициясын көрсетті.

AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10AqmDenKosmos 10

Please publish modules in offcanvas position.