Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2019 10:15

ІҢКӘР СМАИЛОВА: «ЖАҢА ҰРПАҚТЫҢ МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН КҮРЕСЕМІЗ»

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің жастармен жұмыс жөніндегі хатшысы Іңкәр Смаилова бойына көшбасшылық қасиеті сіңірген жалынды жас.

«Мені жастармен жұмыс істеу қызықтырады. Қазіргі жастар креативті, мобильді, оларға тек мүмкіндік беру қажет», - дейді Іңкәр.

– Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қазақстан Коммунистік Халық партиясына қалай келдіңіз?

– Мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдадым. Партия қатарына тамыз айында қабылдандым.

– Бүгінгі таңда жастарға не қажет деп ойлайсыз?

– Оқу, оқу және тағы да оқу. 

– Сіздің ойыңызша, заманауи тәрбие қандай болуы керек?

– Менің ойымша, идеология адамның рухани айнасы. Өкінішке қарай, бізде Қазақстанда адамды оң идеалдарға жетелейтін мемлекеттік идеология жоқ. Бізде ақша мен табысқа табынушылық салтанат құрып тұр. Бұл қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс.

– Сонда жастарға қандай идеология қажет?

– Мен қазақтың ұлттық рухы мен марксистік дүниетанымды біріктіруді ұсынар едім. Бірлік, көмек, адамгершілік сияқты ұстанымдар ұлы далада ежелден бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басқа бағытқа, басқа арнаға бұрылып кеткені көңілге қаяу салады. Менімше, заманауи тәрбие заман талабына сай дамып, ұлттық ерекшеліктер мен прогресшіл дүниетанымды ұштастыруы керек.

– ҚКХП бұған қатысты не ұсына алады?

– ҚКХП Жастар қанаты үнемі түрлі жобаларды жүзеге асырады. Қазір диалог клубын құрып жатырмыз. Клуб жаңа ұрпақтың моральдық құндылықтарын қорғайтын болады. 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Бұған қоса Владимир Лениннің 150 жылдығы аталып өтеді. Бұл – атқаратын жұмыс көп деген сөз.

Шынар Жұмабайқызы

Please publish modules in offcanvas position.