Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 16:33

АҚ ГВАРДИЯҒА ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік халық партиясының бастамасымен және тікелей қолдауымен Мариновка ауылында Колчактың Ақ гвардия армиясына қарсы көтерілістің 100 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

1919 жылы 23 сәуірде Мариновка ауылының шаруалары А.Колчак бастаған Ақ гвардия билігінің саясатымен келіспейтінін білдірді. Шаруалардың іс-әрекетінде ешқандай саясат болған жоқ. Олар тек азамат соғысына қатысқысы келмеді. Алайда  ауыл тұрғындарына наразылық білдіру үшін Ақ гвардия билігі көтерілісшілерді тыныштандыруға полиция жіберді. Бұл бүлікшілерді қарулануға және партизан отрядын құруға мәжбүр етті. Мариновка тұрғындары көрші ауылдардағы еріктілердің қолдауымен бір айға жуық уақыт берілмей отырды. Сол себепті тұрғындардың әрекеті Ақ Гвардияның Жоғарғы басшысын, А.Колчактың өзін үрейлендірді. Ол халықтың көтерілісін басу үшін жазалау күштерін жіберді. Жазалаушылар көтерілісті үш күнде тоқтатты. Мұрағат деректері бойынша 3 мыңнан астам адам өлімі тіркелген. 120 аула өртеніп, жергілікті тұрғындар тоналған.

Қазір Мариновка ауылында православ зиратының аумағында 1500-ге жуық адам жатқан бауырластар қабірі бар.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы және шараға қатысушылар бауырластар қабіріндегі ескерткішке және В.Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс барысында  жергілікті өлкетану мұражайында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Мұнда бүгінгі бейбіт күн үшін өмірлерін бәйгеге тіккен жандардың ерлігі туралы айтылды.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов атап өткендей, Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын ұнатпайтын адамдар бар. Олар кейбір тарихи оқиғалар туралы үнсіз қалуға тырысады. Олар А.Иманов қозғалысын да осылай елеумеуге тырысқан. Сол секілді бұл шара да мемлекеттік бағдарламалардан тыс жерде өтіп отыр.

Бейсенбай Мәжитов жастарға қарата айтқан сөзінде тарихи шындықты іздеу және туған жерді сүю керектігін айтты. Бұл ретте ол туған жерлерін сүйіп, қорғаған Мариновка ауылы тұрғындарының ерлігіне ерекше тоқталды. Жергілікті тұрғындар туған жерді сүйіп, қастерлегенін, Екінші дүниежүзілік соғыста қорғағанын, ал өткен ғасырдың 70-жылдары ауқатты ауыл құрылғанын атап өтті.

Мариновка, Атбасар жері әскери және еңбек ерліктеріне үлгі боларлық батырларға кенде емес. Олардың ішінде Н.Ирченко, темір ұстасыИ.Островидов, А.Майқаутов, І.Есенберлин және басқа да тарихи тұлғалар бар.

Тілеген Бекмағамбетова мен Марина Сызинская Мариновка көтерілісінің тарихы туралы тұшымды дүниелер айтты. Нұрғайша Ибраева мен Валентина Крылованың көтеріліске қатысушыларменжәне олардың ұрпақтарымен болған кездесулер туралы әңгімесін көпшілік ұйып тыңдады.

Іс-шара қарттар айлығы аясында өткендіктен ҚКХП өкілдері ардагерлерге дастархан жайды. Олармен дидарласып, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде Қазақстан Республикасындағы татулықты, бірлікті сақтау және оның дамуына үлес қосу туралы ойлар айтылды.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

MarinVostan 5MarinVostan 5MarinVostan 5

Please publish modules in offcanvas position.