Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 18:16

Қазақстанға әлеуметтік жарылыстар мен «түрлі-түсті» революция қажет емес

Оцените материал
(0 голосов)

Өмір, саясат және Президент жолдауы... ҚКХП Ақмола облыстық комитеті активінің жиналысында осындай маңызды тақырыптар талқыланды.

 

Облыстық комитеттің екінші хатшысы Раиса Балахонцеваның мәлімдеуінше, Жамбыл Ахметбеков үміткер ретінде қатысқан Президент сайлауының кампаниясы жергілікті коммунистер үшін үлкен тәжірибе және сынақ болды. Ал «Шапағат» халықтық жобасы коммунистерді көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жақсылық жасауға жетеледі.

Жиында партия қатарын жаңа мүшелермен толықтыруды көздейтін «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысы шығарылды. Осы ретте партия қатарына қабылданып жатқандардың басым бөлігі жастар екені атап көрсетілді.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы жайлы сөз қозғады. Ол жолдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі «Халық коммунистері» фракциясының мақсат-мүддесімен бір арнада тоғысатынына тоқталды. Сонымен қатар бірінші хатшы облыстық комитеттің жұмысын жандандыруға жас коммунистерді жұмылдыру қажет екенін айтты.

- Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі елдің саяси тұрақтылығын сақтап, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және халықтың берекесі мен бірлігін арттыруға  бағытталуға тиіс, - деді Бейсенбай Мәжитов.

Партия өкілдері бірінші хатшыны қолдап, ҚКХП оппозициялық бағытта жұмыс істесе де, қарапайым халықтың мүддесі үшін билікпен тіл табысып отырғанын алға тартты. Олар Қазақстанға әлеуметтік жарылыстар мен «түрлі-түсті» революция қажет емес екенін жеткізді.

 Партия ардагері Юрий Севостьянов облыстағы еңбек ұжымдарының жұмысына шолу жасап, бастауыш партия ұйымдарын құру маңызды мәселе екенін айтты. Оның ойынша, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері еңбек ұжымдарының құқығын қорғауға тиіс.

ҚКХП ОК мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Мұрат Молдахметов халықпен кері байланыс орнатуға басымдық беру керек деген пікірді алға тартты. Ол ауыл тұрғындары коммунистік идеяны қолдайтынын және партиямен байланыс орнатуға әзір екенін жеткізді. 

Жиын ардагерлерге құрмет көрсетумен, оларға мерейтойлық медальдар мен алғыс хат тапсырумен тәмамдалды.

IMG 3393IMG 3393IMG 3393IMG 3393

Please publish modules in offcanvas position.