Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 09:29

ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ ТӘТТІ

Оцените материал
(3 голосов)

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚКХП атынан сайланған депутат Жамбыл Ахметбеков «Ақсай-Нан» АҚ-ның Көкшетаудағы филиалына барды.

200-ге жуық адам еңбек ететін кәсіпорын кондитерлік, нан-тоқаш және ұн өнімдерінің 130 түрін өндіреді. Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс барысында технологиялық талаптарды қатаң сақтайтындықтарын жеткізді. Ал бұл халық денсаулығының кепілі екені айтпаса да түсінікті.

Коммунист жұмыс барысымен танысып, өндірістік цехты аралады. Өндірісті тоқтатпай-ақ кішігірім экскурсия ұйымдастырылды десе де болады. Наубайханашылар халық қалаулысына арнайы тігілген қолғап кигізіп, өндіріспен жақын танысуға мүмкіндік жасады.

Депутатты кәсіпорындағы еңбек жағдайы қызықтырды. Сондай-ақ, наубайханашылардың қанша көлемде жалақы алатынын сұрады. Өз кезегінде ҚКХП атынан сайланған мәжілісмен экономикалық, саяси бағытта қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

AkhmAksaKoksh 2AkhmAksaKoksh 2

Please publish modules in offcanvas position.