Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020 11:52

ДЕПУТАТТАР АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(2 голосов)

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарын аяқтауда. Ақмола облысына барған коммунист-мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған әріптесі Юрий Тимощенкомен бірге Қатаркөл ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жергілікті колледждің оқу корпусында ұйымдастырылды. Онда ауыл шаруашылығы саласына білікті мамандарды даярлау мәселесі талқыға түсті. Өкінішке қарай, бүгінде жастар қолында дипломы бола тұра, ауылға барып, еңбек жолын бастаудан қашқақтайды.

– Ауылдың жағдайы туралы мазмұнды әңгімелер айтылды. Қол қусырып отыруға болмайды. Ауылды дамыту үшін нақты істермен айналысу керек. Кездесуде осы жайында ұтымды ойлар айтылды, – дейді қатысушылар.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

AqmolaKhmetbKatark 2AqmolaKhmetbKatark 2

Please publish modules in offcanvas position.