Дүйсенбі, 11 Ақпан 2019 11:18

Ақтөбеде Ленинградтың блокададан азат етілуінің 75 жылдығына орай қоғамдық пікірталас өтті

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің белсенділері Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 75 жылдығына арналған қоғамдық пікірталас өткізді.

Облыстық комитеттің екінші хатшысы Б.Жұмағұлова іс-шарада баяндама оқыды:

- Ленинградтың блокададан азат етілуінің 75 жылдығы – барлық ел үшін елеулі дата.  Бұл - жекелеген тарихтан құралған тарихи оқиға. Ленинградты азат ету жолында қазақстандық жауынгерлер ерен ерлік көрсетті: 1941 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда құрылған 310-шы атқыштар дивизиясы, кейін 314-ші дивизия қаланы қорғау және азат ету операцияларына қатысты.  1941 жылы қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық, өренім!» атты өлеңін ленинградтықтарға арнап жазды. Жамбыл Жабаев өзінің өлеңі арқылы кеңес жауынгерлерінің қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жауға төтеп беру үшін партизандар қозғалысы пайда болған. Оған қазақстандықтар да қатысқан.  Ленинград облысында 220-дан астам қазақстандықтар, Смоленщинада 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда шамамен 3000 қазақстандық болған. Шамамен 300 қазақстандық қарсыласу қозғалысының қатысушы болған. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры марапатына 11600 адам ие болған, оның ішінде 497-сі біздің отандастарымыз, ал 97-сі – қазақ ұлтынан.

Тақырыпты әрі қарай тыл еңбеккері, Ардагерлер кеңесінің мүшесі К.Қибашев жалғастырды. Ардагер қоршаудағы қиын күндері нан балаларға, әскерилер мен қамқорлықтағы адамдарға ғана берілетіндігін көзіне жас алып айтты.   Блокададағы нан жомнан, сұлы, кебек, қарабидай мен сұлы ұнынан жасалынатын. Қара түсті, ащы дәмі бар нан. Оның құнарлығы ересек адамға жетпейтін. Көптеген адамдар аштықтан көз жұмған.  Ол бала күнінде майдан үшін масақ және киім жинағандығын еске алды.  Ауылда барлығы солдаттар мен жеңіс үшін болатын.

Кейін Құралы партиялық ұйымының хатшысы П.Платынюк «Блокада Лениграда» өлеңін оқыды.

Пікірталасты ҚКХП АОК хатшысы Ж.Молдашев қорытындылады. Ол Ленинград тұрғындарының ерліктерін, қаһармандықтары мен төзімділіктерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар  статистикалық мәлімет келтіре кетті: Қазақстанда 4715 ардагер қалған, олардың 1362 соғыс мүгедегі. ҰОС қатысушылары Алматыда көп қалған – 839 адам, ең азы Маңғыстау облысында – 60 адам. ШҚО-да – 594, ОҚО-да – 432, Алматы облысында – 356, Қарағанды облысында – 339, Қостанай облысында – 330, СҚО-да – 272, Павлодар облысында – 247, БҚО-да – 243,    Жамбыл облысында – 237,   Ақмола обласында – 211,  Ақтөбе  облысында – 169,  Қызылорда облысында – 93,  Атырау облысында – 82,  Астанада  211 соғыс қатысушысы тұрып жатыр. Бұған қоса республикада 202 992 тыл еңбеккерлері бар.

AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20AktobeDisskus 20

Please publish modules in offcanvas position.