Бейсенбі, 10 Қазан 2019 09:45

АҚТӨБЕЛІК КОММУНИСТЕР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округінің мәдениет қызметкерлерімен «Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбын талқылады.

Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесуге өнер ұжымдарының, ауылдық және мектеп кітапханаларының өкілдері шақырылды. Коммунистер аталған шараға «Рухани жаңғыру – мықты мемлекет құрудың кепілі» атты ұранды таңдағанын атап өткен жөн. Жиында ауылдық жерлердегі мәдени-ағарту жұмыстарының қазіргі жағдайы және оны жақсарту жолдары талқыланды. Шарада сөз алған облыстық комитеттің екінші хатшысы Бота Дауылбаева қоғам алдында «әлемдік мәдениеттің құндылықтарына сәйкес келетін жаңа дәуірдің озық қазақстандық мәдениетін қалыптастыру» міндеті тұрғанын атап өтті.

Шарада Құралы мәдениет үйінің өкілі С.Таубаева баяндама жасады.

«Қазақстан – көптеген өркениеттер мен мәдениеттердің тоғысқан жері. Еліміз тарихи ескерткіштерге, археологияға, монументалды өнер үлгілеріне өте бай. Біздің мемлекет әлемдік өркениет қазынасына жататын мәдени құндылықтардың сақтаушысы болып саналады. Бұл мұраны болашақ ұрпақ өз тарихымен байланыстыра алатындай етіп сақтау өте маңызды. Ал әлемдік қауымдастықтың тәуелсіз қазақ ұлтының құрылу тарихымен танысуына толықтай мүмкіндік жасалуы керек», – деді С.Таубаева.

 Петропавл ауылдық клубының меңгерушісі Б.Сәрсебаева дайындаған Қазақстан мәдениетінің рухани-адамгершілік негіздері мен даму тенденциялары туралы, елді дәріптеп, ой мен өнердің әлемдік жетістіктеріне үлес қосқан ұлы адамдар туралы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңында қатысушылар білім беруді болашақтағы ең басты жетістік факторы ретінде көрсете отырып, мәдениет, тіл, дәстүр мен ұлттық құндылықтар арқылы жас ұрпақтың санасын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

AktRabotnKult 2AktRabotnKult 2

Please publish modules in offcanvas position.