Жұма, 08 Қараша 2019 16:32

КОММУНИСТЕР ЖАСТАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі Ұлы Қазан социалистік революциясына орай мерекелік шара ұйымдастырды. Шара Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылында өтті.

Облыстық және аудандық комитеттің коммунистері мен ауыл тұрғындары пролетариат көсемі ескерткішінің маңына жиналып, гүл шоқтарын қойды.

– Ұлы Қазан революциясының кезекті мерекесін атап өтіп отырмыз. Революцияның алып келген жаңашылдығы мен маңызы туралы көп айтуға болады. Бастысы ол елдің өміріне оң өзгеріс әкелді, – деді Ақтөбе облыстық комитетінің екінші хатшысы Бота Дауылбаева.

Ақтөбеде әлемдегі алғашқы социалистік мемлекеттің негізін қалаған Владимир Ленинге арналған ескерткіш жоқ. Ал монумент ауданда ғана сақталған. Сол себепті коммунистер мерекелік шараны Ащылысайда өткізіп отыр.

Жиынға келген ардагерлер естелік айтты. Үлкендер жағы гармонь тартып, революциялық әндерді шырқады. 

Басқосу барысында коммунистер жастарға 1917 жылғы оқиғалар туралы дәріс оқыды. Онда тың игеру, Ұлы Отан соғысы, құрылыс, әлеуметтік теңдік, ғылым мен мәдениеттегі айтулы жетістіктер секілді тақырыптар қамтылды.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

Актобе1Актобе 7 ноябряАктобе 7 ноябряАктобе 7 ноября

Please publish modules in offcanvas position.