Сейсенбі, 19 Қараша 2019 09:45

АҚТӨБЕ КОММУНИСТЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі Қарғалы ауданының Ащылысай ауылында кездесу өткізді.

Актив белсенділері ауылдықтарды кәсіби мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалар туралы ой бөлісті.

Ауыл клубында өткен шараға жергілікті фермерлер, ауыл тұрғындары жиналды. Олар күзгі жиым-терім жұмыстарының қорытындысын шығарып, алдағы жылға арналған жоба-жоспарларды талқылады.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы Бота Дауылбаева шараға қатысушыларды партияның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған ұсыныстарымен таныстырды. Ауылдықтар коммунистерді бірауыздан қолдады.

Партия активі жергілікті халықты мерекемен құттықтап, ізгі тілек жолдады. Коммунистік қозғалыс пен еңбек ардагерлері «ҚКХП-ға 15 жыл» мерейтойлық меделімен марапатталды. Шара мерекелік концертке ұласты.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.