Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019 09:15

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Жиында 3 мәселе талқыланды. Бірінші хатшы Жанат Молдашев партия активін ҚКХП Орталық Комитеті мен Орталық бақылау-тексеру комисиясының Х пленумында көтерілген мәселелермен таныстырды.

Бұдан кейін ҚКХП үміткері қатысқан Президент сайлауы кезінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, В.И. Лениннің 150 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына дайындық жұмыстары пысықталды.

Пленум барысында ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Молдашевтің өз еркімен жұмыстан кетіне байланысты, оның орнына Бота Дауылбаеваның кандидатурасын бекіту бастамасы көтерілді. Облыстық комитеттің екінші хатшысы лауазымына Алтынай Жетпісбаева ұсынылды.

Жарыссөз кезінде пленум қатысушылары ҚКХП ОК ұсынысын қолдады.

Облыстық комитеттің атқарған жұмысына оң баға беріліп, жаңа жылға жоспар құрылды.

Бота Дауылбаева мен Алтынай Жетпісбаеваның кандидатурасына бірауыздан дауыс берілді.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

AktobePlenum 4AktobePlenum 4AktobePlenum 4AktobePlenum 4

Please publish modules in offcanvas position.