Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:10

Стратегиялық жоспар құрылды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінде партия ұйымдары желісін кеңейтуге және партия мүшелерінің қатарын жаңа кадрлармен қамтамасыз етуге қатысты жиын өтті.

Қазіргі таңда бұл маңызды әрі өзекті мәселе. Себебі білікті кадрлар жергілікті жерлерде партияның танымалдығының артуына өлшеусіз үлес қосады.

Облыстық комитеттен бөлек өңірлерде төрт аудандық комитет жұмыс істейді. Олардың барлығы үгіт-насихат жүргізіп, әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысады. Десекте уақыт аудандық комитеттердің қызметін кеңейтуді, бастауыш партия ұйымдарының қатарын көбейтуді және партияға жастарды тартуды талап етеді. Бұл бағытта ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті жүйелі әрі жоспарлы жұмыс атқарып жатыр. Осы ретте «Көктемгі шақырылым» акциясы нәтижелі болғанын атап өту керек. Акция аясында партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Коммунистердің қатарына қосылғандардың барлығы партияның Жарғысымен, бағдарламасымен танысып қана қоймай, түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне атсалысты. Іс барысында ерекше көзге түскендерге партия билеті тапсырылды.

Алдағы уақытта ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті жастармен, орта буын өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға және коммунистік қозғалыстың ардагерлері мен жақтастарын партияның жобаларына  жұмылдыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін стратегиялық жоспар құрылып, мақсаттар мен міндеттер нақтыланды. Соған сәйкес жыл бойы бастауыш партия ұйымдарын құруға, жоғары оқу орындарында кешенді іс-шаралар өткізуге басымдық беріледі.

«Облыстық комитет өз жоспарын жүзеге асыру арқылы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруды, қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуды көздейді», – деді жиынның қорытындысында ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Молдашев.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті 

Актобе2

Please publish modules in offcanvas position.