Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 09:44

ҚКХП ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП-ның өңірлік комитеттері «Партия дауысы» акциясын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі саяси партияның танымалдылығын арттыру мақсатында «Коммунист Казахстана» журналы мен партия нышаны бейнеленген күнтізбелерді таратуда. Бұл жолы журнал мен күнтізбе Ақтөбедегі ірі сауда үйлерінің, бизнес орталықтардың қызметкерлері мен келушілеріне үлестірілді.

Ақтөбеліктердің дені Қазақстан Коммунистік Халық партиясын жақсы біледі және оның қызметімен етене таныс. Сол себепті тұрғындар партиялық журнал мен күнтізбелерді ерекше қызығушылықпен қабылдауда. Ал партия туралы білмейтіндерге оның мақсат-міндеттері түсіндіріліп, идеологиясы мен жұмысы, жобалары мен акциялары туралы мол ақпарат берілді.

«Партия дауысы» акциясы – ҚКХП ұстанған әлеуметтік әділдік идеясын жақтайтын адамдардың қатарын көбейтуге арналған тамаша мүмкіндік. Мұндай шаралар қалалықтар назарын партия жұмысына аударып қана қоймай, партия қатарын жаңа адамдармен толықтыруға да жол ашады.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

AktobeAkciya 5AktobeAkciya 5AktobeAkciya 5AktobeAkciya 5AktobeAkciya 5

Please publish modules in offcanvas position.